«Заманауи кәсіби бағдар және жасанды интеллект» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2025 жылғы 10 мамырда «Профориентологтар қауымдастығының» төрайымы, PhD докторы Тойбаева Жадыра Нұрбайқызының бастамасымен және Қазақ спорт және туризм академиясының қолдауымен «Заманауи кәсіби бағдар және жасанды интеллект» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен кәсіби бағдар мамандары, ата-аналар қатысты.

Қазіргі заманда кәсіби бағдар мамандығы ерекше өзектілікке ие болып отыр. Осы бағытта арнайы даярлықтан өтіп, кәсіби қауымдастық құрамына қабылданған академия өкілдері — Еспенбетов Нұркелді Сатайұлы мен Тазабек Еркебұлан Нұрланұлы — ресми куәліктермен марапатталды. Өз кезегінде Академия проректоры Есқалиев Мұхтар Зайнолдаұлы Жадыра Нұрбайқызын Академиямыздың 80-жылдық мерейтойына арнайы жасалған медальмен марапаттады.

Форум аясында үш спикер сөз сөйлеп, кәсіби бағдардың заманауи тәсілдері мен жоғары білімге қолжетімділік мәселелерін көтерді. Солардың бірі — PhD доктор Еспенбетов Нұркелді Сатайұлы Академияға түсу жолдары мен талаптары жайлы баяндама жасап, білім алушылар үшін бағдар беру жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Бұл алаң кәсіби бағдар саласын дамытуға серпін беріп, үздік мамандарды анықтауға және жаңа технологияларды тәжірибеге енгізуге бағытталған маңызды қадам болды.

WhatsApp Image 2025-05-13 at 15.42.08 WhatsApp Image 2025-05-13 at 15.42.08 (2) WhatsApp Image 2025-05-13 at 15.42.08 (1) WhatsApp Image 2025-05-13 at 15.39.27 WhatsApp Image 2025-05-13 at 15.39.27 (3) WhatsApp Image 2025-05-13 at 15.39.27 (2) WhatsApp Image 2025-05-13 at 15.39.27 (1) WhatsApp Image 2025-05-13 at 15.39.26

Close
💬 Задать вопрос
🤖 Виртуальный помощник