InnoBoost Acceleration бағдарламасы аясында өтетін Deep Tech InnoBoost Winter – 2025 Demo Day жыл сайынғы коммерцияландыру бағдарламасының финалистері

2025 жылдың 24 сәуірінде Алматы менеджмент университетінде (AlmaU) Innoboost Acceleration Program шеңберінде Ұлттық Ғылым Академиясының, коммерцияландыру жөніндегі кәсіпқойлар Альянсының, Shevron, Technology Commercialization Center және Klein&Erbulekova а Matias Group Company қолдауымен Deep Tech жыл сайынғы коммерцияландыру бағдарламасы мен InnoBoost winter – 2025 Demo Day жобалар көрмесі өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген профессорлар, оқытушылар мен түрлі ғылыми ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Айта кетейік, іс-шара толыққанды ғылыми ұжымдардың қатысуына арналған. Бұл байқауға Қазақ спорт және туризм академиясының өкілдері де қатысты.

ҚазСТА КСжЖЖФ-23-5 мамандығының 2 курс студенті Жоламан Мерей, ғылыми жетекшілері А.А.Ибраимова және Н.Ж.Утеуованың жетекшілігімен «EDTECH. Электрохимиялық тізбектерді зерттеу үшін AI Ассистентімен интерактивті төлем»  байқаудың финалына өтті. Бұл команда коммерцияландыру бойынша бағдарламаның үздік 5 қатысушысына кіріп, финалистер қатарына кіргені үшін АҚШ-тың заңгерінен тегін кеңес алу сертификатын ұтып алды.

WhatsApp Image 2025-04-28 at 11.10.11 WhatsApp Image 2025-04-28 at 11.10.10 WhatsApp Image 2025-04-28 at 11.09.59 WhatsApp Image 2025-04-28 at 11.09.50

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close
💬 Задать вопрос
🤖 Виртуальный помощник