
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
ҚР ҒжЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің 26.03.2025 жылғы № 14-0/1324-ВН хатына сәйкес “Қазақ спорт және туризм академиясы” КЕАҚ “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасы бойынша магистранттар мен докторанттардың (МҒЗЖ және ДҒЗЖ) жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын өткізу жөніндегі базалық ЖОО ретінде II кезеңге конкурстық құжаттарды қабылдауды бастау.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 12 мамырына дейінгі мерзімде конкурстың II кезеңіне қатысу үшін I кезеңнен өткен ЖОО магистранттары мен докторанттарының үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жолдауды сұраймыз.
“Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұсынымдарға” және Ережеге сәйкес ресімделген конкурстық жұмыстар қабылданады:
– электрондық түрде поштаға nir_m_kazast@mail.ru (магистранттардың ҒЗЖ үшін) және nir_d_kazast@mail.ru (докторанттардың ҒЗЖ үшін) (хат тақырыбында “ҒЗЖ республикалық конкурсына” немесе “ҒЗЖ республикалық конкурсына” деген белгісі бар);
– 050022 Алматы қ., Абай даңғылы, 85 мекенжайы бойынша қағаз негізде (“МҒЗЖ республикалық конкурсына” немесе “ДҒЗЖ республикалық конкурсына” деген белгісі бар)
“Қазақ спорт және туризм академиясы” КЕАҚ,
Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі.
Анықтама телефоны: 8(727) 292-11-63