Қарты бар үйдің қазынасы мол

Қазақ спорт және туризм академиясы «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының ұжымы сәуір айының 7-жұлдызы күні академияның 80-жылдық мерейтойы аясында «Қарты бар үйдің қазынасы мол» атты 3-курстың (FOS/FPSE-22-7,8,9,5,9) студенттерімен Қазақстан спортына еңбек сіңірген құрметті қызметкері,  ҚР ұлттық білім үздігі, КСРО дене мәдениетінің үздігі, «Шаңғыдан» ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Шаңғыдан» спорт шебері, жоғарғы дәрежедегі ұлттық төреші, еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі, новаторлық ұсыныстары және жаңа буын мамандарды дайындаудағы инновациялық істері үшін А.Байтұрсынов атындағы қола медальдың  иегері, профессор Сакаев Болат Абдығалымұлымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Болат Абдығалымұлы өзінің өмір жолындағы қызықты сәттерін еске алып, Кеңестер одағына еңбек сіңірген спорт шебері, 2004-жылы Нагано қаласында өткен олимпияданың екі дүркін (15 шақырым мен 50 шақырым) жеңімпазы, әлем жеңімпазы В. Смирнов  сияқты жоғары дәрежедегі спортшылармен жұмыс жасап, оларды олимпиада жеңімпазы деңгейіне дейін дайындаудың ерекшеліктерін талқылап, өмірлік тағлым-тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, шаңғы спорт түріне спортшыларды іріктеу талаптары мен ережелері, спортшыларға жарыс алдында және жарыстан кейін қайта қалпына келу кезінде жаттықтырушы тарапынан көмектер тиімділігі және тағы басқа да осы мазмұндағы көптеген сұрақтарына жауап берді.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Олимпиада, Әлем, Европа, Азия және КСРО жеңімпаздарын дайындайтын сауатты оқытушы, таңдаған спорт түрлерінің жоғары кәсіби дәрежедегі жаттықтырушысы болуына аталық батасын беріп, ақ тілегін жолдады.

Қазақ спорт және туризм академиясының тәрбие ісі жөніндегі проректоры М.Ескалиев абыз ақсақаламызға жылы лебізін, алғысын білдіре отырып, академияның 80-жылдық мерейтойына арнайы жасалған медальмен марапаттады.  «Жеңіл атлетика, қысқы және күрделі-техникалық спорт түрлері» кафедрасының меңгерушісі  Х.Қ.Унтаев, «Бокс және ауыр атлетика, шығыс жекпе-жегі» кафедрасының меңгерушісі Т.М.Ахмадиев және «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» кафедра меңгерушісі А.К.Белегова кафедра оқытушыларының ғылыми-әдістемелік құралдары мен   оқулықтарымен бөлісті.

 

WhatsApp Image 2025-04-11 at 13.36.26 WhatsApp Image 2025-04-11 at 13.36.26 (1) WhatsApp Image 2025-04-11 at 13.36.25 WhatsApp Image 2025-04-11 at 13.36.25 (2) WhatsApp Image 2025-04-11 at 13.36.25 (1) WhatsApp Image 2025-04-11 at 13.36.24 WhatsApp Image 2025-04-11 at 13.36.24 (1) WhatsApp Image 2025-04-11 at 13.36.23 WhatsApp Image 2025-04-11 at 13.36.23 (1) в м пр

Close