
24-7 SPORT тобының студенті – Каландарова Камила каратэ-до кекушинкайдан Қазақстан Республикасы чемпионатында 1-орынға ие болды!
Біз оның бұл жетістігі мен шеберлікке деген ұмтылысын мақтан тұтамыз!
Сондай-ақ, Алматы қаласының құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-орын алып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл – бірлік пен табанды еңбектің жемісі!
Чемпионкамызды және бүкіл команданы шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестерге бірге жетейік!