ЖАС ҒАЛЫМДАР ФОРУМЫ-ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ТЫҢ БАСТАМАЛАР АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ…

ЖАС ҒАЛЫМДАР ФОРУМЫ-ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ТЫҢ БАСТАМАЛАР АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫ…

Қазақ спорт және туризм академиясында Ғылым күніне орай 2025 жылдың 10-11 сәуір аралығында «Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім және ғылымды дамытудың басым ғылыми-педагогикалық бағыттары» атты III Халықаралық Форум өтті.

«Ғылымды дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды»,  деп атап өтті Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте.

Биылғы форумның ерекшелігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының өкілдері және жас, жетекші ғалымдар мен өндірістегі мамандардың бірлесе отырып, бірегей мақсатпен бес түрлі іс-шара өткізгендігінде болды.

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесі мүшелерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде-цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу негізінде халықты бұқаралық спортқа тарту мәселелері, орта білім беру мекемелерінде дене шынықтыруды жаңартылған бағдарлама негізінде өткізу мүмкіндіктері және жоғары жетістіктер спортында спортшыларды кешенді бақылау арқылы жаттығу үрдісін жоспарлау, туристік қызметтерді цифрландыру, инклюзивті туризмді дамыту және жаңа буын кадрларын даярлау, экологиялық, емдеу-сауықтыру және мәдени туризмнің болашағы, сондай-ақ Қазақстанда спорттық туризмнің дамуы сияқты өзекті мәселелер талқыланып, мәселені шешу жолдары қарастырылды.

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО ағарту үздігі, ҚазКСР ағарту үздігі-Байтурсынов Серик Самуратович студенттермен Брейн-ринг өткізді. Студенттердің интеллектуалды дамуына, атап айтқанда, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауды дамыту, қарым-қатынас дағдылары, ұжымдық әрекет ету, шешім қабылдау және жауапкершілікті сезіну сынды кәсіби дағдыларын шыңдады.

«Қонақжайлылық шебері» байқауы мен Стартаптар сайысында студенттер жасанды интеллект элементтері бар интеллектуалды мейрамхана, кино-кафе, қонақтардың көңіл-күйін мәзір мен атмосфера арқылы өзгерте алатын Mood-Food жобасы, оқыту үдерісіне VR технологияларын енгізу идеялары, сондай-ақ қонақжайлық саласын роботтандыру мен цифрлық трансформациялау сияқты жобаларды қарастырып, әділқазылардан әділ бағаларын алды.

«Дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру тәжірибесінің өзекті  мәселелері» атты ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда отандық және шетелдік жас ғалымдар, атап айтсақ: ҚХР, Түрікменстан, Ресей, Өзібекстан,  Қырғызстан спорт және туризм бағыттары бойынша тың жаңалықтарымен бөлісті. «Sport Research Center (SRC) негізінде білім алушылардың зерттеу белсенділігін дамыту арқылы жоғары мектептің кадрлық резервін қалыптастыру», Бейімдік дене шынықтыру, инклюзивті білім беру, ұлттық спорт, бұқаралық спорт сияқты  өзекті мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, жыл сайынғы ұйымдастырылатын ғалымдарды ынталандыру және қолдау мақсатында 2025 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ҚазСТА ректоры грантының жеңімпаздары марапатталды. Бұл дегеніміз жас ғалымдарға ғылыммен айналысуына шабыт берері анық.

Ғылыми жұмыстарының нәтижелері бойынша көшбасшы кафедралардың номинациялары және Құрмет грамоталары, қаржылай сыйлықтар табысталды.

WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.31 WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.30 WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.30 (5) WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.30 (4) WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.30 (3) WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.30 (2) WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.30 (1) WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.29 WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.29 (5) WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.29 (4) WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.29 (3) WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.29 (2) WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.29 (1) WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.28 WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.28 (3) WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.28 (2) WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.28 (1) WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.27 WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.27 (1) WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.26 WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.24.24

Close