«Білім беру үдерісін басқарудағы жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбында семинар өтті

2025 жылғы 4 сәуірде Қазақ спорт және туризм академиясында «Білім беру үдерісін басқарудағы жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара аясында білім беру саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект (ЖИ) шешімдерін енгізудің өзекті мәселелері талқыланды.
Семинарда келесі баяндамашылар сөз сөйледі:
* Ибраимова Асель Ашимтаевна, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі,
* Дауренбекова Айгуль Турсунхановна, кафедраның аға оқытушысы,
* Бодесова Айдана Ерболовна, кафедра оқытушысы,
* Серікқали Айнагүл, Академияның автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ) бөлімінің маманы.
Семинар барысында оқу және басқару қызметінде жасанды интеллектті қолдану, жоғары оқу орындарының цифрлануы, деканаттар мен қабылдау комиссиясы жұмыстарын автоматтандыру, сондай-ақ заманауи ІТ-шешімдерді оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Іс-шара академия оқытушылары мен қызметкерлерінің қызығушылығын тудырып, жоғары оқу орнын цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелері мен болашағын талқылауға арналған алаңға айналды.

WhatsApp Image 2025-04-08 at 15.03.01 WhatsApp Image 2025-04-08 at 15.03.01 (1) WhatsApp Image 2025-04-08 at 15.03.00 WhatsApp Image 2025-04-08 at 15.03.00 (4) WhatsApp Image 2025-04-08 at 15.03.00 (3) WhatsApp Image 2025-04-08 at 15.03.00 (2) WhatsApp Image 2025-04-08 at 15.03.00 (1)

Close