
2025 жылы 25 сәуірде Астана қаласында NATIONAL ACADEMY OF SCIENTIFIC AND INNOVATIVE RESEARCH (NASIR) ұйымының ұйымдастыруымен ғылыми-білім беру мекемелері арасында өткен «Жылдың Үздік жас ғалымы» атты халықаралық байкау өтті.
Аталған байкауға Қазақ спорт және туризм академиясының Кәсіпқой спорт және жекпе-жек факультетінің 1 курс магистранты Авдорсольұлы Абай катысып, «2025 жылдың Үздік жас ғалымы» атағына ие болды. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ» арнайы медалімен, мүсінше және 2 дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшіге, PhD докторы Дошыбеков А.Б. арнайы сертификат берілді. Қабылданған материалдар халықаралық ғылыми басылымда жарияланды.
Құттықтаймыз!