
Қазақ спорт және туризм академиясында бос білім гранттарына сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті.
2024-2025 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрілгінің 01.04.2025ж. № 152 бұйрығы негізінде ақылы негізде білім алған және оқу барысында жақсы үлгерім көрсеткен студенттерге мемлекеттік білім гранты тағайындалды.
Грант беру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету және ақылы негізде оқитын студенттерді одан әрі ынталандыру мақсатында Академия басшылығы ҚазАСТ бірінші проректоры Д.К. Нұрмұханбетова, әр студентке өз сертификатын табыстады. Бұл шара ақылы негізде оқитын көптеген студенттерді болашақта бос білім гранттарына түсу үшін тыңғылықты оқуға ынталандырады деп сенеміз!