
Қазақтың спорт және туризм академиясының ЖОО-лар арасындағы бокстан АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ өз мәресіне жетті!
22 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыста Академиямыздың атынан шыққан Бокс және шығыс жекпе-жектері кафедрасының спортшылары керемет нәтиже көрсетті:
14 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды!
Сондай-ақ жүлделі орындарға ие болған жоғары оқу орындары:
• Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ — 4 алтын
• Абай атындағы ҚазҰПУ — 2 алтын
• Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті — 1 алтын
• М.Әуезов атындағы ОҚУ, АТУ, Сәтбаев университеті, ЖГУ — түрлі жүлделерге ие болды.
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында нағыз спорттық рух пен бәсеке байқалды.
Құттықтаймыз! Жеңістеріміз көп болсын!