ОҚУ- ЖАТТЫҒУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ

КЕАҚ «Қазақ спорт және туризм академиясында», Алматы қаласында, 31.03. – 12.04. 2025 ж. аралығында, онлайн форматта дене тәрбиесі және спорт саласындағы педагогтар мен жаттықтырушыларға арналған: «Оқу-жаттығу процесін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» 80 сағат көлемінде, куәлік қосымшасымен табысталуымен біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курстың мақсаты – спорттық және спорттық емес ұйымдарда оқу-тәрбиелік, оқу-жаттығу және жарыстық қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін енгізуге бағытталған құзыреттерді жетілдіру.

Тренингке Қазақстанның түрлі спорт және білім беру ұйымдарынан 80-нен астам адам қатысты. Курстың оқытушылары Академияның белгілі оқытушылары мен жаттықтырушылары, сондай-ақ шақырылған ғалымдар: Михаил Ефимович Кобринский, Беларусь мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы, және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің академик Т.Шарманов атындағы тағамтану кафедрасының профессорлары: Бейісбекова Арайлым Қайратқызы, және Чуенбекова Ардақ Байбараққызы.

Қазақстандық спорттық оқ ату федерациясы және бүкіл курс тыңдаушылары академияға оқу-жаттығу үдерісін үздік ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді және дәріскерлерге  құнды білімдері мен жаттықтырушылық қызметтегі кәсіби өсу үшін мотивациялары үшін ерекше алғыстарын білдірді.

5206639272571038559 5206639272571038558 5206639272571038557 5206639272571038556 5206639272571038555 5206639272571038554 5206639272571038553

 

Close
💬 Задать вопрос
🤖 Виртуальный помощник