Менингококк инфекциясы

Бүгін Спорт және туризм академиясында “Менингококк инфекциясы: алдын алу, белгілері және әрекет ету шаралары” тақырыбында дәріс өтті. Дәрісті жалпы практика дәрігері Түкеев А.Х. жүргізді.

Дәріс барысында Түкеев А.Х. менингококк инфекциясының ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Бұл – ауа-тамшы жолымен таралатын жедел жұқпалы ауру. Студенттерге инфекцияның таралу жолдары, жұғу қаупі, маусымдылығы, түрлі жастағы адамдардағы клиникалық белгілері, сондай-ақ ерте анықтау мен алдын алудың маңыздылығы түсіндірілді.

Дәрісте аурудың таралу статистикасы, тасымалдаушылардың рөлі және ауру ошағы анықталған жағдайда қолданылатын шаралар: карантин енгізу, бактериялық тексеру жүргізу, 1 жасқа дейінгі балаларға иммуноглобулин егу туралы кеңінен айтылды.

Студенттер дәріске белсенді қатысып, көптеген сұрақтар қойып, тақырып төңірегінде пікір алмасты. Осындай іс-шаралар болашақ мамандардың қоғамдық денсаулық пен жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді

WhatsApp Image 2025-04-16 at 17.10.53 (4) WhatsApp Image 2025-04-16 at 17.10.53 (3) WhatsApp Image 2025-04-16 at 17.10.53 (2) WhatsApp Image 2025-04-16 at 17.10.53 (1) WhatsApp Image 2025-04-16 at 17.10.52WhatsApp Image 2025-04-16 at 17.10.53

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close
💬 Задать вопрос
🤖 Виртуальный помощник