
2025 жылдың 16 сәуірінде ҚазСТА конференц-залында «Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім және ғылымды дамытудың басым ғылыми-педагогикалық бағыттары» атты III Халықаралық форумның белсенді қатысушыларын, дөңгелек үстел модераторларын, кітапхана қызметкерлерін алғыс хаттарымен марапаттау бойынша іс-шара өткізілді. Сондай-ақ, форум аясында өткен студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясының жүлдегерлері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. ҚазСТА Президентінің кеңесшісі Макогонов Александр Николаевич іс-шараға қатысқан оқытушыларға, қызметкерлері мен білім алушыларына алғыс сөз сөйледі.