Без рубрики
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі

14-16 сәуір 2025 жылы Шымкент қаласында ҚР жоғары оқу орындары арасында ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДАН жарыс өткізілді. ЖОО-дағы негізгі «Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі» пәнінен өткізілген бұл жарысқа еліміздің түпкір түпкірінен 22 оқу орны, 130 дан астам студенттер қатысты. Білім, ғылыми жоба және спорт түрлерінен жарыс жаттығуларын орындап жарысатын бұл шарадаҚқазақ спорт және туризм академиясының қазақ тілінде оқитын студенттері бірінші орын, орыс тілінде оқитын студенттер екінші орын алып, жалпыкомандалық бірінші орын иегерлері атанды.