Қазақ спорт және туризм академиясында «Жастар арасында интернетке тәуелділіктің және құмар ойындардың алдын алу» жобасы аясында «ReStart» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті

2025 жылғы 12 наурызда сағат 15:00-де «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақ спорт және туризм академиясында «Жастар арасында интернетке тәуелділіктің және құмар ойындардың алдын алу» жобасы аясында «ReStart» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті. Іс-шара жастар арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге төмендегі спикерлер қатысты:
• Хамит Шүкір — «Возрождение Лайф» оңалту орталығының директоры;
• Саргызов Алмат — «Возрождение Лайф» оңалту орталығының қызметкері;
• Зинаханова Ұлбосын — 10 жылдық тәжірибесі бар білікті психолог, транзактты анализ әдістемесі бойынша психотерапевт.

Арнайы шақыртылған қонақтар құмар ойындарға тәуелділіктің қауіптілігі мен оның алдын алу жолдары туралы сөз қозғады. Олар лудоманияның белгілері, оның даму кезеңдері және бұл тәуелділіктің психологиялық табиғаты туралы түсіндірді.

 

WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.52.53 WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.52.53 (1) WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.52.52 WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.52.52 (2) WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.52.52 (1) WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.52.51 WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.52.51 (2)WhatsApp Image 2025-03-13 at 12.52.51 (1)

Close