
2025 ҚАЗСТА – ШАҢҒЫ СПОРТЫ
«Шаңғы спорты» пәні бойынша сабақтар БББ-5В01401 «Дене шынықтыру және спорт», БББ-6В11501 «Спорттық қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару» білім бері бағдарламалары бойынша оқитын бірінші курс студенттеріне қаңтар мен наурыз аралығында практикалық сабақтар түрінде өткізілді, онда студенттер шаңғымен жүру әдістерін, техникасын оқыту және мектеп оқушыларымен шаңғы спорты сабақтарын жүргізу бойынша білім мен дағдыларды меңгереді.
Шаңғы спорты сабақтарын жеңіл атлетика, қысқы және күрделі-техникалық спорт түрлері кафедрасының тәжірибелі оқытушылары: п,ғ,к., ҚР ЕСЖ, профессорлары, ҚазСТА доценттері жүргізді. Делвер П.А., Сорокин В.А., Гуцель Н.А., Плахута Г.А., Коваленко В.А., Қанапьянов З.С.
22 ақпан күні кафедра қызметкерлері «Қаймар» тау шаңғы базасында ҚазСТА қызметкерлері үшін дәстүрлі «Денсаулық күнін» өткізді.