КазАСТ зерттеу тобының Самарқанд экономика және сервис институтына сапары

КазАСТ зерттеу тобының Самарқанд экономика және сервис институтына сапары

Қазақ спорт және туризм академиясының ректорының грантын жеңіп алған «КазАСТ студенттерінің тәжірибе базасын қалыптастыру үшін агротуризм жобасын әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми жобаны іске асыру аясында, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде КазАСТ туризм факультетінің зерттеу тобы (Нурашева К.К., Агелеуова А.Т., Дюсекеева Е.Т.) Самарқанд экономика және сервис институтының әріптестерімен кездесті.

Негізгі ынтымақтастық бағыттары:
• Агротуризмді дамыту перспективалары мен оның білім беру үдерісіндегі маңыздылығын талқылау
• Туризм саласында студенттерге арналған тәжірибе базаларын құру тәжірибесімен алмасу
• Агротуризмнің заманауи үрдістері мен сала мамандарын даярлау тақырыптарына арналған дәрістер сериясын өткізу

Кездесу барысында қатысушылар бірлескен зерттеулер жүргізу, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктерін қарастырды.

Самарқанд экономика және сервис институтына қонақжайлығы мен ашық ынтымақтастыққа дайындығы үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл сапар туризм саласындағы білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз.

WhatsApp Image 2025-03-19 at 16.54.29 (1) WhatsApp Image 2025-03-19 at 16.54.30 WhatsApp Image 2025-03-19 at 16.54.30 (1) WhatsApp Image 2025-03-19 at 16.54.29

Close