Без рубрики

«Жастар денсаулығын сақтауда салауатты тамақтанудың маңызы мен спорттық тағамдар» тақырыбындағы қонақ дәріс

«Жастар денсаулығын сақтауда салауатты тамақтанудың маңызы мен спорттық тағамдар» тақырыбындағы қонақ дәріс

 

 

03.03.2025 жылы ҚазСТА конференц-залында «Жастар денсаулығын сақтауда салауатты тамақтанудың маңызы мен спорттық тағамдар» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды. Спикерлер ретінде С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ академик Т.Шарманов атындағы «Нутрициология» кафедрасының оқытушылары сөз сөйлеген Қожахметова Айгүл Нағашбекқызы, қауымдастырылған профессоры, Чуенбекова Ардак Байбараковна, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор.

Іс-шараға ҚазСТА оқытушылары мен білім алушылары қатысты. Дәрісте салауатты тамақтанудың рөлі мен ерекшелігі туралы теориялық және практикалық ақпарат берілді.  Спикерлер іс-шараға қатысушылардың барлық сұрақтарына, негізінен спортшылар үшін дұрыс тамақтану режимі туралы сұрақтарға жауап берді.

Семинар соңында бірлескен ғылыми қызмет жүргізу бойынша жұмыс тобының бірлескен отырысы өткізілді. Кездесуге келесілер қатысты: Дошыбеков А.Б.,  ҚазСТА ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, Кенжебекова Г.У., т.ғ.к., ҚазСТА ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы, Кисебаев Ж.С., б.ғ.к., ҚазСТА анатомия, физиология және спорттық медицина кафедрасының меңгерушісі, Маженов  С.Т., б.ғ.к., ҚазСТА спорт ҒЗИ директоры, Бекембетова Р. А., б.ғ. к., спорт ҒЗИ бас ғылыми қызметкері, және С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Нутрициология» кафедрасының меңгерушісі Кайнарбаева М.С., және кафедра өкілдері: Ушанская Е. Ю., м.ғ.к., доцент, Бердыгалиев А.Б., м.ғ.к., доцент, Чуенбекова А.Б., м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Кожахметова А.Н., қауымдастырылған профессор.

Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарына бірлесіп қатысу, ғылыми кадрларды бірлесіп даярлау және оқытушылар мен білім алушылардың тағылымдамалары бойынша ынтымақтастық мәселелері қаралды.

WhatsApp Image 2025-03-05 at 09.45.54

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close