«Ермұқан Бекмаханов: кеңестік қуғын-сүргін құрбаны» тарихи-танымдық кеш

Қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың 110 жылдық мерейтойына орай үстіміздегі жылдың ақпан  айында  Қазақ спорт және туризм академиясында «Ермұқан Бекмаханов: кеңестік қуғын-сүргін құрбаны» деген тақырыпта  тарихи-танымды кеш өтті. Кеште тарихшының тарих ғылымына  қосқан үлесі, өмірлік ұстанымы, тарихи сананы қалыптастырудағы атқарған қызметі таныстырылды.  «Ауыздықталмаған тарихшы» деген тақырыпта ғалымның еңбектері қойылған  кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тарихшының өмірінен, бейнефрагменттер көрсетілді. Кешті ұйымдастырушылар әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы. Тарихшы ғалымдар: т.ғ.к. Тулентаева К.А., Жанганатова К.Н.

Close