
28.02.2025 жылы ҚазСТА аға оқытушыcы Ушкулакова Г.М ұйымдастыруымен Д.Қонаев атындағы музейдің ғылым бөлімінің басшысы Жүсіпбаева Нурила Сергеевнаның қатысуымен «Д.Қонаев қазақ тарихындағы ұлы тұлға» атты тәрбиелік дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында музей көрме ұйымдастырылды. Іс – шараға Қазақ спорт және туризм академиясының оқу-әдістемелік жұмыстары бойынша проректоры п.ғ.к., профессор Нұрмұханбетова Д.К., тәрбие және спорт жұмысы жөніндегі проректоры Есқалиев М.З., Туризм факультетінің деканы Агелеуова А.Т., кафедра меңгерушісі Несипбеков Е.Н және студенттер, оқытушылар қатысты. Аталған іс-шарада студенттер ұлы тұлға Д.А.Қонаев туралы көптеген мәліметтер алды. Іс-шара барысында музей ұжым студенттерімен викториналық ойындар ойнатып ұлы тұлға туралы кітаптарды сыйға тартты.