«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына және шетелдік ғылыми тағылымдамаларға қатысу шарттары бойынша вебинар

2025 жылдың 11 наурызында ҚазСТА-да «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу шарттары бойынша вебинар өтті. Іс-шараға ҚазСТА кафедра меңгерушілері мен оқытушылары қатысты. Спикер, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру басқармасының бас менеджері Асанбаева Гүлзат Қайратқызы, «Болашақ» халықаралық стипендиясына және «500 ғалымға арналған ғылыми тағылымдама» бағдарламасына қатысу ережелері мен шарттарымен таныстырды.

«Болашақ» ХБО  спикері шақырылған вебинар аудиторияда үлкен қызығушылық тудырды. Презентация аяқталғаннан кейін көптеген сұрақтар қойылып, вебинар қатысушыларына халықаралық стипендиялар мен тағылымдамалар бағдарламасы бойынша толық ақпарат берілді.

WhatsApp Image 2025-03-12 at 12.04.26 WhatsApp Image 2025-03-12 at 12.04.26 (1) WhatsApp Image 2025-03-12 at 12.04.25

Close