Бокстан үш дүркін Әлем чемпионы!

Құрметті Назым Қызайбай!

Академия Спорта және Туризм ұжымы Сізді бокстан үш дүркін Әлем чемпионы атануыңызбен шын жүректен құттықтайды! Бұл – тек сіздің ғана емес, бүкіл Қазақстан спортының үлкен жеңісі. Сіздің қайсарлығыңыз бен еңбексүйгіштігіңіз жас спортшыларға үлгі.

Сербияда өткен дүбірлі додада еліміздің абыройын асқақтатып, тарихқа есіміңізді алтын әріппен жаздыңыз. Академиямыздың мақтанышы ретінде болашақта да жаңа белестерді бағындырып, жастарға жігер беретін жеңісті жолыңыз жалғаса берсін!

Жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

WhatsApp Image 2025-03-19 at 16.33.05

Close