Без рубрики
“Scopus жүйесін оқыту”тақырыбындағы Онлайн-вебинар

2024 жылғы 13 қарашада Elsevier компаниясының ресми кеңесшісі Ақылбекова Бағдатқұл Қазақ спорт академиясында “Scopus жүйесін оқыту”тақырыбында онлайн-вебинар өткізді. Аталған семинарға ҚазСТА оқытушылары мен білім алушылары, сондай-ақ ғалымдары қатысты.
Вебинарда Scopus жүйесімен жұмыс істеу негіздері, зерттеу және жарияланымдар жазу үшін қажетті мақалаларды іздеу және зерттеу нәтижелерін жариялау үшін ғылыми журналдар туралы ақпарат берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар берілді.