Без рубрики
ҚАЗСТА БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ҮШІН СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
![123](https://kazast.edu.kz/wp-content/uploads/2024/11/123-830x520.png)
Қазақ спорт және туризм академиясының Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі Польша, Литва, Түркия және Ресейдің серіктес жоғары оқу орындарында ағылшын және орыс тілдерінде оқуға, сондай-ақ ҚР жоғары оқу орындарында оқыту үшін 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне арналған сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша құжаттарды қабылдауды жариялайды.
Байқауға 2 және 3 курс бакалавриат студенттері қатыса алады
Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
- Білім алушының толық деректері бар ЖОО басшысының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (мамандық, топ, паспорттық деректер, тұрғылықты мекенжайы, э-пошта);
- ҚР азаматының жеке куәлігінің және/немесе шетелдік паспортының көшірмесі;
- Білім туралы құжат: ағымдағы үлгерім туралы мөрмен расталған транскрипт (GPA кемінде 3.0 балл);
- 4. Сертификат, полученный через международные системы оценки знания иностранного языка (IELTS/TOEFL) при наличии.Шет тілі білімін растайтын халықаралық жүйелерге сай (IELTS/TOEFL) сертификаты.
Прием документов производится в отделе науки и международных связей КазАСТ до 30 ноября 2024 года по адресу: 2 корпус, 2-этаж, кабинет 17, тел.: 292-13-63 Құжаттарды қабылдау ҚазСТА ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінде 2024 жылдың 30 қарашасына дейін көрсетілген мекенжай бойынша жүргізіледі: 2 корпус, 2-қабат, 17 кабинет, тел.: 292-11-63
ҚазСТА ғылым және халықаралық байланыстар бөлімі