Без рубрики
“Зияткерлік меншіктің кейбір аспектілері” тақырыбындағы Онлайн-вебинар
2024 жылғы 12 қарашада ҚР Әділет министрлігінің “ҰЗМИ” РМК (QAZPATENT) Қазақ спорт және туризм академиясында “Зияткерлік меншіктің кейбір аспектілері”тақырыбында онлайн-вебинар өткізілді. Аталған іс-шараға проректорлар, кафедра меңгерушілері, бөлім басшылары, Академияның ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары қатысты.
Іс-шараны “НИИС” РМК IPR орталығының (зияткерлік меншік құқықтары орталығының) маманы Дүйсебаева Малика ашты.
Бекітілген вебинар бағдарламасына сәйкес “ҰЗМИ” РМК басшылары мен қызметкерлері келесі тақырыптарды ашты:
– Республикада авторлық құқықты тіркеу;
– Қазақстандағы өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу;
– Зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру;
– Зияткерлік меншікті қорғау.
Вебинардың мақсаты Қазақстан Республикасында авторлық құқықты тіркеу, өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу, зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру және қорғау мәселелерінде теориялық және практикалық тұрғыдан жекелеген проблемаларды ашу болды.