Без рубрики

2025-2027 ж. Жас ғалым жобаларына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі  – ҚР ҒЖБМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;

– Энергия, озық материалдар және көлік;

– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;

– Елдің зияткерлік әлеуеті;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік ғылыми бағыттары бойынша 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center +7 (727) 222 1102 (ішкі нөмерлері 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228).  Жұмыс уақыты:  дүйсенбі – жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ға дейін.

Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-24-55, 74-24-71 қаржылық сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-16-53. Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Постдокторанттың және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер ҒЖБМ Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2024 жылғы 05 қыркүйек.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2024 жылғы 04 қазан (қоса алғанда).

Конкурсттық құжаттама:

https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/837034?lang=kk

ҚазСТА бойынша ақпарат алуға Ғылым және халықаралық байланыстар бөліміне хабарласуға болады. 24 кабинет, 2 корпус.

Телефон 8 (727) 292-11-63, 8-707-716-43-22.

Close