Қазақ спорт және туризм академиясының футбол кафедрасы “ҚР балалар мен жасөспірімдер және кәсіби футболды дамытудың стратегиялық мүмкіндіктері” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шара Академияның 80 – жылдығы аясында өтті.
Отырысты Қазақ спорт және туризм академиясының стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры А. Б. Дошыбеков ашты.
Дөңгелек үстел жұмысына: құрметті қонақ – Лесенчук Г.А. – ғылым докторы, Украина Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Украина мини-футбол федерациясының президенті; Кенетаев С.М. – Қазақстан футбол федерациясының Балалар-жасөспірімдер футболы департаментінің директоры; Мозговой Н.Р. – ҚФФ бұқаралық футбол департаментінің директоры; Даумов А.А. – Алматы футбол федерациясының вице-президенті; Глазунов Э. Б. – “Жас Қыран балалар-жасөспірімдер футбол орталығының спорт директоры; Черепанов П.П. – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Татарстанның еңбек сіңірген дене шынықтыру қызметкері; Шакин А.Ю. – кәсіби футболшы; Саутов Р.Т. – ҚазСТА олимпиадалық спорт факультетінің деканы; Хайдаров Х.С. – ҚР ЕСЖ, футбол кафедрасының меңгерушісі және ҚазСТА футбол кафедрасының профессорлық – оқытушылар құрамы қатысты.