Без рубрики
Академияда жасөспірімдер арасында кекушинкай каратэ-до бойынша халықаралық турнир өтті
26 наурызда Қазақ спорт және туризм академиясында, бокс, ауыр атлетика және шығыс жекпе-жегі кафедрасы Алматы қаласы спорт басқармасымен және Қазақстан кекушинкай каратэ-до федерациясымен бірлесіп, Наурыз мерекесіне арналған балалар, жасөспірімдер арасында кекушинкай каратэ-до бойынша халықаралық турнир өткізді. Салтанатты ашылуды ҚазСТА спорттық және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, п.ғ.к. ЗТРК профессор Шепетюк М. Н. өткізді. Турнирге Қазақстанның 8 өңірінен 5 жастан 17 жасқа дейінгі 200-ден астам спортшы, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Оңтүстік Кореядан келген спортшылар қатысты. Халықаралық турнирдің мақсаты – қазақстандық және шетелдік спортшылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу. Турнирді өткізуге бокс, ауыр атлетика және шығыс жекпе-жегі кафедрасының меңгерушісі, ҚазСТА доценті Т. М. Ахмадиев жауапты болды. Каратэ-до мамандандығындағы Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері турнирді ұйымдастыруға татамиде және басқа да ұйымдастыру жұмыстарында төреші және рефери ретінде белсенді қатысты. Педагогикалық және жаттықтырушылық практикадан өтетін 3-4 курс студенттері жарысты өткізуде тамаша тәжірибе алды. ҚазСТА каратэ мамандығының студенттері мен түлектеріне Жапониядан көптен күткен каратэ бойынша қара белбеулер табыс етілді, олардың ішінде: Fpse 19-1 Майданбай Райымбек, Рысбекова Айдана және Fpse 22-4 Мелс Әлия.
Айта кету керек, бізде 5 жасынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының залында өнер көрсетіп, жаттығатын студенттер мен түлектер бар, енді олардың оқушылары өздерінің спорттық мансабын өздерінің жаттықтырушыларының Альма-матерінен бастайды. Толағай табыс тілейміз!