Без рубрики
Ақтау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Жастар арасындағы байрақты бәсекеге барлық өңірден 20 команда жиналды.
Бұл сайыста Академия студенттері де бой көрсетті. 53 келі салмақта Ғизат Бектұрған, 57 келі салмақта Сырым Байғалиев жүлделі 1-орынды иеленсе, 72 келі салмақта Фариза Нурсейтова мен 98+ келі салмақта Бокбосын Шераз қола жүлдені еншіледі.
Яғни, бас-аяғы 500-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтады және бұл өзіндік рекорд, – дейді ұйымдастырушылар. 16-18 жастағы ұлдар мен қыздар 24 салмақта сынға түсті.
Нәтижесінде ерекше көзге түскендері ұлттық құрамаға алынып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындыққа кіріседі. Әсіресе биыл өтетін Әлем және Азия чемпионаттарында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.