Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Без рубрики

Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры Бауыржан Закирияновтың Coursera білім курстарына деген пікірі

Құрметті әріптестер және студенттер!
Coursera платформасы – еліміздегі білімді арттыру мен жетілдіруге арналған бірден-бір нәтижелі жол және керемет мүмкіндік. ҚР Президентінің қолдауымен Ғылым және жоғары білім министрлігінің игі бастамасымен қазақстандық студенттер үшін білім алудың жаңа парағы ашылды. Ол – әлемдік Coursera білім курстары. Бұл тек студенттерге ғана емес, оқытушылар мен жоғары оқу орнының өзіне тәжірибе жинаудың озық үлгісі. Студенттеріміз әлемдегі алып жоғары оқу орындарының мұғалімдері даярлаған білім курстарын осы платформа арқылы оқи алады. Ойлап қарыңыздаршы, керемет емес пе?
Әлем мойындаған озық университетте қолданылатын Coursera білім платформасы дамуға, білімді жетілдіре түсуге, тұлғалық өсуге бағыттайды. Coursera онлайн жобасы әлемнің кіл мықты жоғары оқу орындары мен компанияларымен тығыз байланыста. Үнемі даму жолында. Жаңалық сәт сайын жаңаруда. Қатып қалған қағидамен оқу үрдісі – өткен ғасырдың әңгімесі. Ғылым,өнер, медицина, бизнес, туризм, т.б. түрлі тақырыптар мен білім берудің мықты бағдарламалары қамтылған.
Ал ең маңыздысы ең озық 650 Coursera білім курстары қазақ тіліне аударылып жатыр. Қазақ спорт және туризм академиясында оқитын студенттердің 80%-ы қазақ тілінде білім алады. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға өсіп келе жатқандығын ескерсек, қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құралдарға да сұраныс артатыны сөзсіз. Coursera білім платформасын оқу мен оқыта алудың тәжірибесін жинап, оңтайлы жолға қойсақ, бізге алысқа барып оқудың да қажеті жоқ. Әлемнің жетілдірілген оқу-әдістемелік озық курстары өз қолымызда болады. Сондай-ақ қазақстандық педагогтардың өте жақсы дайындалған курстары да осы платформаға енгізуге болады. Дөңгеленген дүниенің үздіктерімен бірге өсудің уақыты келіп жетті. Coursera – білім алудың тамаша ресурсы. Дәл қазір зор мүмкіндікті іліп алып, дамудың сәті! Тек алға!
Close
Қазақстанда оқы
Қазақстандағы жоғары білімге жолыңыз!
Университеттермен танысу, білім беру бағдарламасын таңдау және онлайн өтінім беру үшін QR-кодты сканерлеңіз.
StudyinKZ.kz
Учись в Казахстане
Ваш путь к высшему образованию в Казахстане!
Отсканируйте QR-код, чтобы ознакомиться с университетами, выбрать образовательную программу и подать заявку онлайн.
StudyinKZ.kz
Study in Kazakhstan
Your pathway to higher education in Kazakhstan!
Scan the QR code to explore universities, choose an educational program, and apply online.
StudyinKZ.kz
StudyInKZ QR Code
Qalam - AI помощник докторанта
💬 Задать вопрос
AI Icon
Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма
✖