Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылдау 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды ақпан және мамыр айларында жүзеге асырады. Грант тағайындау конкурсы 3 турдан тұрады: кешенді тестілеу, сарапшылардан құралған комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу және Кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.
Толығырақ ақпарат Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған https://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu-po-ns/kak-podat-dokumenty-po-ns