Без рубрики
«Денсаулық» Спартакиадасы
18-22 қаңтар аралығында ҚазСТА профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Денсаулық» спартакиадасы өтті. Спартакиада аясында мини-футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, жүзу, аралас эстафета, шахмат спорт түрлерінен турнир ұйымдастырылды. Жалпы командалық есеп бойынша 1-орынды – «Спорттық ойындар» кафедрасы иеленді. 2-орын – «Күрес және ұлттық спорт түрлері» кафедрасы, 3-орын – «Футбол» кафедрасы.