Без рубрики
Алматы ЖОО студенттері арасында қазақ күресінен ашық біріншілік турнирі өтті
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және де 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына орай, Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Ербол Спатаевтың жүлдесі үшін Алматы қаласы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері арасында Қазақ күресінен ашық біріншілік турнирі өтті.
Желтоқсан оқиғасының қаһарманын еске алуға арналған турнирге Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының 70-тен астам студенттері бақтарын сынады.
Тартысты өткен бәсекеде 10 команданың ішінен төмендегідей Жоғары оқу орындары топ жарды:
1-орын: Қазақ спорт және туризм академиясы;
2-орын: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
3-орын: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, бағалы сыйлықтармен және І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.