Без рубрики
Рухани Жаңғыру аясында «Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өтті
Қазақ спорт және туризм академиясы «Дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері» және «Бокс, ауыр атлетика және шығыс жекпе-жек» кафедраларының оқытушылары Ганибаев Нұрлан Сагидуллаевич пен Тазабек Еркебұлан Нұрланұлының 18.02.2021 жылы сағат 14.50-де Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Рухани Жаңғыру аясында «Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық тәрбие сағатына ат салыса қатысқан «Кәсіпқой спорт және жекпе-жек» факультетінің 1 курс 4-ші және 5-ші топтары болды. Ашық тәрбие сағаттың мақсаты: Студенттерді ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру. Қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту, елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу болды. Жалпы ашық тәрбие сағаты қызықты, әрі студенттер тарапынан өнер жағынан тартысты өтті.