Без рубрики
Психикалық денсаулық орталығының мамандары студенттерге дәріс оқыды
26 сәуірде Қазақ спорт және туризм академиясында жастар мен жасөспірімдер арасында есірткі пайдаланудың алдын-алу және ерте анықтау бойынша іс-шаралар аясында, Алматы қаласы психикалық денсаулық орталығының мамандары «Нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында студенттерге дәріс оқыды. Дәрісте барлық курстың студенттері қатысты. Кездесу барысында есірткі мен психотроптық заттардың қауіптілігі туралы сұрақтар қойылып, қазіргі заманғы жастар үшін салауатты өмір салтын ұстану қаншалықты маңызды екендігі сөз болды.