Без рубрики

«ИНТЕР» (Милан) футбол клубының және «KIFS» (Алматы) бірлескен филиалын ашу туралы меморондумға қол қойылды.

     Қазақ спорт және туризм академиясының президенті, профессор Қайрат Қайроллаұлы Закирьнов Италиядағы іссапар кезінде, Миландағы «INTER» (Милан) танымал еуропалық клуб өкілдерімен кездесті. Кездесуде «ФК Интер» компаниясының қаржы директоры Алессандро Антонелло, «Интер» футбол клубының бас директоры Джузеппе Маротта (ол Криштиану Роналдоны «Ювентус» командасына жіберген адам), «ФК Интер» компаниясының даму жөніндегі директоры Барбара Бигги,  ҚазСТА Вице-президенті Артыков Марс және  «KIFS» футбол клубының директоры Даумов Алтай қатысты.

      Қазақстандағы футболды одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылған іскерлік кездесу кезінде, «ИНТЕР» (Милан) футбол клубының және «KIFS» (Алматы)  бірлескен филиалын ашу туралы меморондумға қол қойылды.

Close