Без рубрики

АҚ «Қазақ спорт және туризм академиясы» профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды

  1. Спорттық ойындар кафедрасының меңгерушісі;
  2. Гимнастика және жүзу кафедрасының меңгерушісі;
  3. Бокс және ауыр атлетика кафедрасының меңгерушісі;
  4. Ұлттық спорт түрлері кафедрасының меңгерушісі;
  5. Кәсіби спорт және жекпе-жек факультетінің деканы.

Конкурсқа қатысушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар.

Кафедра  меңгерушісі  лауазымына:  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және  педагогикалық қызметкерлер лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Факультет деканы лауазымына: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға үміткер хабарландыруда көрсетілген мерзімде келесі құжаттарды өткізуі тиіс:

  • конкурсқа қатысу туралы академия президентінің атына өтініш;
    2) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
  • еркін түрде жазылған өмірбаян;
  • жоғары білім мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • төлқұжат көшірмесі;
  • копии қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
    7) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
    8) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) (бұдан әрі – № 272 бұйрық) бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

11) № 272 бұйрықпен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

12) өзге мекемеден келгендерге соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
13) ашық сабақ  материалының презентациясы  (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

Конкурсқа қатысуға құжаттар  хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 83, каб. 211.  Кадрлар бөлімі. Анықытама телефоны: 8 727 292 3721

Close