Без рубрики

АҚ «Қазақ спорт және туризм академиясы» профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды

  1. Спорттық медицина кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент) – 1; аға оқытушы – 3.
  2. Спорттық ойындар кафедрасы: аға оқытушы – 6; оқытушы – 3.
  3. Анатомия және физиология кафедрасы:  қауымдастырылған профессор (доцент) – 3; аға оқытушы – 6; оқытушы – 6.
  4. Күрес кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент) – 2; оқытушы – 1.
  5. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы: аға оқытушы -2;
  6. Қазақ, орыс және шет тілдер кафедрасы: оқытушы- 6;
  7. Бокс және ауыр атлетика кафедрасы: аға оқытушы – 2; оқытушы– 2;
  8. Ұлттық ойындар кафедрасы: аға оқытушы – 2; оқытушы– 2;
  9. Гимнастика және жүзу кафедрасы: қауымдастырылған профессор (доцент) – 2; аға оқытушы – 2; оқытушы – 2.
  10. Дене тәрбиесі және спорттың теориялық негіздері кафедрасы: аға оқытушы – 2; оқытушы – 2;
  11. Туризм және сервис кафедрасы: аға оқытушы – 3; оқытушы – 2.
  12. Қазақ, орыс және шет тілдері кафедрасының меңгерушісі – 1;
  13. Қысқы және күрделі техникалық спорт түрлері кафедрасының меңгерушісі – 1;
  14. Туризм және сервис кафедрасының меңгерушісі – 1;
  15. Күрес кафедрасының меңгерушісі – 1.

Конкурсқа қатысушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар.

Қауымдастырылған   профессор (доцент) лауазымына: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Аға оқытушы лауазымына:

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.

Оқытушы лауазымына:

жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесі.

Кафедра  меңгерушісі  лауазымына:  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және  педагогикалық қызметкерлер лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға үміткер хабарландыруда көрсетілген мерзімде келесі құжаттарды өткізуі тиіс:

  • конкурсқа қатысу туралы академия президентінің атына өтініш;
    2) кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
  • еркін түрде жазылған өмірбаян;
  • жоғары білім мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • төлқұжат көшірмесі;
  • копии қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
    7) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);
    8) № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген);

9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) (бұдан әрі – № 272 бұйрық) бекітілген “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

11) № 272 бұйрықпен бекітілген “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

12) өзге мекемеден келгендерге соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
13) ашық сабақ  материалының презентациясы  (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

Конкурсқа қатысуға құжаттар  хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 83, каб. 211.  Кадрлар бөлімі. Анықытама телефоны: 8 727 292 3721   

Сондай-ақ тексеріңіз

Close
Close