Бокс, ауыр атлетика және шығыс жекпе-жек кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы

Кафедрада оқу-әдістемелік жұмыс дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүргізіледі.

Кафедра оқытушыларымен әдістемелік комиссия бекіткен мамандық пәндері бойынша типтік бағдарламалар әзірленді. Осы бағдарламалар негізінде кредиттік оқыту технологиясы бойынша кафедраның барлық пәндері бойынша жұмыс және оқу бағдарламалары жасалып, кафедра мәжілісінде бекітілген.

Кафедра отырыс хаттамаларын, оқытушылардың оқу сабақтарына өзара бару журналын, студенттердің сабаққа қатысуын есепке алу журналдарын, мазмұны орындалған жұмыстарға және оқытушылар құрамының біліктілігіне сәйкес келетін жеке жоспарларды жүргізеді.

Студенттердің білімін ағымдағы және қорытынды бақылау бекітілген емтихан карточкаларына сәйкес жүргізіледі.

Оқу-әдістемелік жұмыс кредиттік технологияның заманауи талаптарын ескере отырып жүргізіледі. Білім беру құжаттамасы қажет болған жағдайда студенттер мен магистранттарға электронды түрде беріледі. Сабақтар дәріс, семинар, әдістемелік және практикалық сабақтар түрінде өткізіледі.

Студенттердің өзіндік жұмыстарын бокс, ауыр атлетика және жекпе-жек пәндері бойынша жетекші оқытушылар басқарады.

Кафедра студенттері оқу жоспарына сәйкес қаладағы спорт базаларында педагогикалық және іргелі тәжірибелік сабақтардан өтеді, оларға Қазақстан Республикасының тәжірибелі оқытушылары, әдіскерлері және жетекші жаттықтырушылар жетекшілік етеді.

Кафедрада кафедра оқытушылары оқу сабақтарына бір-біріне барып, оларды талқылайды. Әр семестр аяқталғанға дейін кафедра мәжілістерінде студенттердің оқу үлгерімінің сапасы бойынша жұмысының жай-күйі талқыланып, эдвайзерлер тарапынан тиісті бақылау жүргізіледі.

Кафедра оқытушылары оқулықтар шығарады:

Ғабдуллин А.Б., Ботағариев Т.А., Жүнісбеков Ж.И. – 1-2 курс студенті қыздарының антропометриялық сипаттамалары мен көзғалыс сапасын есепке ала отырып денені жетілдіріп отыру технологиялары: Оку-әдісімелік құралы.- Алматы: «Эпиграф», 2021. -168 бет.

Жүнісбеков Ж.И. – Жалпы білім беретін мектептердегі сабақтан мың дене тәрбиесі жұмысы (таэквондо мысалында): Оқу құралы, – Алматы: Қазста, 2023.- 289 бет.

Close