Профессорлық-оқытушылық құрамы
![]() |
Байтурбаева Асель Төлегенқызы Әлем тілдері кафедрасының меңгерушісі PhD докторы, аға оқытушы2026 жылдан бастап Әлем тілдері кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Ұлыбританияның Оксфорд қаласындағы ASPECT колледжінде бір академиялық жыл бойы ағылшын тілінен білім алған.Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде ағылшын тілі оқытушысы болып жұмыс істеген. Кандидаттық диссертациясын қорғаған.Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Халықаралық қатынастар және көптілді білім беру факультетінде Практикалық ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін, сондай-ақ Шетел тілдері және халықаралық қатынастар факультетінің ғылыми жұмыс жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарған.Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна–Қазақстан институтының Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы болған.Оқытылатын пәндер: – Қызмет көрсету саласына арналған іскерлік шетел тілі – Қызмет көрсету саласындағы коммуникативтік шетел тіліЭлектрондық пошта: a.baiturbayeva@mail.ru |
![]() |
Орынбаева Ұлсерік Қадырбайқызы – PhD докторы, Әлем тілдері кафедрасының аға оқытушысы. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. 2024 жылдан бастап кафедрада қызмет атқарады. Ғылыми-зерттеу саласы – «Дене шынықтыру және спорт», «Туризм» бағыттарында шет тілін оқыту әдістемесіндегі инновациялық технологиялар. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік бағытта 40-тан астам еңбегі жарияланған, оның ішінде халықаралық рецензияланатын журналдардағы мақалалар бар. Оқытатын пәндері: шет тілі, кәсіби-бағдарланған шет тілі.Электрондық пошта: ulserik@mail.ru. |
![]() |
Оспанова Айгүл Болатовна
магистр, аға оқытушы “Әлем тілдер” кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және шет тілдерін оқыту әдістемесі саласындағы маман. Жоғары білім беру жүйесінде болашақ мамандарды сапалы даярлауға бағытталған білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Өзінің кәсіби қызметінде білім алушылардың кәсіби және коммуникативтік құзыреттерін дамытуға бағытталған заманауи білім беру технологияларын, цифрлық платформаларды және оқытудың интерактивті әдістерін белсенді қолданады. Тәжірибеге бағытталған дағдыларды қалыптастыруға және білім беру процесінде пәнаралық тәсілге ерекше назар аударады. 15 тен аса ғылыми жарияланымдардың авторы, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға және білім беру жобаларына қатысады. Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға ғылыми басшылық жүргізеді. Оқытатын пәндері: Шет тілі (ағылшын), кәсіби-бағытталған шет тілі, қызмет көрсету саласындағы шет тілі (спорттық менеджмент) Электрондық пошта: ospan_aa@inbox.ru. |
![]() |
Болтаева Гульмайра Абеновна – ӘТ кафедрасының аға оқытушысы, магистр.
АПИИЯ түлегі, кафедрада 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Ғылыми зерттеулер саласы – “ДШжС”, “Туризм”саласында шет тілін оқыту әдістемесіндегі инновациялық технологиялар. 20-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар, соның ішінде халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланған. Оқытатын пәндері: Шет тілі, Кәсіби-бағытталған шет тілі. Электрондық пошта: gulmira.boltaeva@mail.ru |
![]() |
Мантеева Саида Сағатбекқызы Әлем тілдері кафедрасының аға оқытушысы1994 жылдан бастап ағылшын тілін меңгеру және оқыту саласында тәжірибелі практик-оқытушы ретінде қызмет атқарып келеді. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде (ҚазХҚжӘТУ), сондай-ақ Tamos Education тіл курстарында жұмыс істеген.2019 жылдан бастап Спорт және туризм академиясында еңбек етеді. Академияда студенттердің ағылшын тілін жетілдіруге арналған The Hub of Kazakh Sport Academy атты тобын, сондай-ақ оқытушыларды IELTS емтиханына даярлауға бағытталған Band 9 тобын жүргізеді.Сонымен қатар, Академияда ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгерген студенттерге арналған Speaking-клубтарды жүргізеді. Әр клуб аптасына екі-үш рет өткізіледі.Оқытылатын пәндер мен қызмет бағыты: Ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған практикалық сабақтар өткізеді. Қазақ спорт және туризм академиясында 1, 3 және 4 курс студенттеріне, атап айтқанда ФОС, ФПС және Туризм білім беру бағыттары бойынша ағылшын тілі пәнінен сабақ береді.Электрондық пошта: manteyevasaida@mail.ru |
![]() |
Бақытжан Эльмира Қаржаубайқызы – ӘТ кафедрасының аға оқытушысы, магистр.
ҚазХҚ және ӘТ университеті түлегі, 2017 жылдан бері кафедрада жұмыс атқарады Ғылыми зерттеу саласы – тілдік емес бейіндегі студенттердің кәсіби бағдарланған коммуникативтік құзыреттілігі. 30-дан астам ғылыми мақалалар жарияланды, соның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған, SCOPUS деректер базасында және басқа да отандық және халықаралық рецензияланған журналдарда. Вармия және Мазури университетінде (Польша) және «Неофит-Рильски» Оңтүстік-Батыс университетінде, Болгарияда тағылымдамадан өтті. Оқытатын пәндері: шет тілі, кәсіби-бағытталған шет тілі. Электрондық пошта: ebakytzhan201@gmail.com |
![]() |
Мырзалиева Салтанат Ермекбайқызы
Аға оқытушы, шетел филологиясы магистрі. 2023 жылдан бастап ҚазАСТ-та қызмет атқарады. Бакалавриат студенттеріне студенттік ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстар мен пәндік олимпиадаларға дайындық барысында ғылыми жетекшілік етеді. 25-тен астам ғылыми жарияланымы бар, оның ішінде Scopus халықаралық дерекқорында және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің БҒСБК (ККСОН) тізіміне енгізілген ғылыми мақалалар бар. Кафедрада барлық мамандықтар бойынша силлабустар мен емтихан сұрақтарына жауапты. Электрондық пошта: saltataraz.74@gmail.com |
![]() |
Бердышева Асем Алдабергеновна – ӘТ кафедрасының аға оқытушысы, магистр.
Абай атындағы ҚазҰПУ түлегі, кафедрада 2017 жылдан бері кафедрада жұмыс атқарады Ғылыми зерттеу саласы – тілдік емес бейіндегі студенттердің кәсіби бағдарланған коммуникативтік құзыреттілігі. 10-нан астам ғылыми мақалалар жарияланды, соның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған, SCOPUS деректер базасында және басқа да отандық және халықаралық рецензияланған журналдарда. Оқытатын пәндері: шет тілі, кәсіби-бағытталған шет тілі. Электрондық пошта: zhasybayeva@gmail.com |
![]() |
Усипбекова Нагима Избасаровна – ӘТ кафедрасының аға оқытушысы, магистр.
ҚазХҚ және ӘТ университеті түлегі, 2015 жылдан бері кафедрада жұмыс атқарады Ғылыми зерттеулер саласы – “ДШжС”, “Туризм”саласында шет тілін оқыту әдістемесіндегі инновациялық технологиялар. 15 ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар, соның ішінде халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланған. Оқытатын пәндері: Шет тілі, Кәсіби-бағытталған шет тілі. Электрондық пошта: nagi92@bk.ru |











Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма