Медиа орталығы

-Академия Медиа орталығы академияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады;

-Академия Медиа орталығы өз жұмысында Академия Жарғысын, ҚР Еңбек кодексін, қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, ұжымдық шартты және білім беру мен ақпараттық қызметті реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады.

-Академия Медиа орталығының басты қызметі-Академия туралы бұқаралық ақпарат құралын сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету;

Медиа-орталығының негізгі бағыттары:

Медиа орталығы Академияның бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық және кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимылын жақсартуға арналған. Медиа-орталық академияның оқу-әдістемелік, ғылыми және білім беру салаларындағы қызметін қамтиды: конкурстар, акциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, семинарлар, конференциялар. Медиа орталығының құрамында ақпараттық сипаттағы телестудия жұмыс істейді – аптасына бір рет екі тілде (қазақ, орыс) Академия қызметі туралы жаңалықтар шығарылады.

 

Медиа орталығының міндеттері:

1. БАҚ-ты Академия қызметі туралы ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.
2. Жалпы қолданысқа арналған аудио және бейне роликтер шығару.
3. Академияның веб-сайты мен әлеуметтік желілеріне мақалалар, шолулар дайындау.
4. Сұхбаттарды ұйымдастыру.
5. Академия қызметі туралы жаңалықтарды дайындау.

6. Фотосуретке түсіру және жоғары сапалы фотоөнімдерді дайындау, Академияның фотомұрағатын дайындау.
7. Академияның сайтындағы және әлеуметтік желілердегі ақпаратты уақытылы жаңарту.

 

Академия Медиа орталығының жетекшісі: Хамидолла Амангүл Хамидоллақызы

Академия Медиа орталығының журналисі: Ерболатқызы Айжан

 

 

Мекен-жайымыз: 050022 г. Алматы, Абай даңғылы, 85

112 кабинет

эл. пошта: amangul-86@mail.ru

Close