Нұрмұханбетова Динара Кенжеқызы

WhatsApp Image 2024-02-27 at 12.04.551986 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын «Дене шынықтыру оқытушысы» біліктілігімен бітірді. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін №2 республикалық мектеп-интернатта дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеді.

1990 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақ спорт және туризм академиясында қызмет етіп келеді. Академияның оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, гимнастика және жүзу кафедрасының меңгерушісі, олимпиадалық спорт  факультетінің деканы қызметтерінен, бұқаралық спорт жөніндегі проректоры лауазымына дейін  (2011-2014) көтерілді. 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚазСТА оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры болып қызмет етіп келеді.

60-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 10 оқулықтың авторы, 5 авторлық куәлігі бар. «Педагогика ғылымдары» ОӘБ-РОӘК мүшесі. «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша ОӘБ-төрағасы. 2009 жылдың «Үздік ЖОО оқытушысы» мен 2020 жылдың«ЖОО үздік оқытушысы» 2020 атақтарының иегері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» (2018) төсбелгісімен, «Дене шынықтыру мен спорттық дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2014), «Қазақ спорт және туризм академиясын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» медалімен (2019) марапатталған. Оның жетекшілігімен екі докторлық (PhD) диссертация қорғалды. Жүзуден спорт шеберлігіне кандидат, «жоғары ұлттық санаттағы төреші» атағы бар.

Close