Нұрмұханбетова Динара Кенжеқызы

WhatsApp Image 2024-02-27 at 12.04.55

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ спорт және туризм академиясының бірінші проректор – академиялық мәселелер және білім беру сапасы жөніндегі  проректоры.

1986 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын «Дене шынықтыру оқытушысы» біліктілігімен бітірді. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін №2 республикалық мектеп-интернатта дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ спорт және туризм академиясында қызмет атқарып келеді. Еңбек жолында оқытушы, аға оқытушы, академия доценті, гимнастика және жүзу кафедрасының меңгерушісі, Олимпиадалық спорт факультетінің деканы қызметтерін атқарып, 2011–2014 жылдары тәрбие және бұқаралық спорт жөніндегі проректор лауазымына дейін көтерілді. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ спорт және туризм академиясының бірінші проректор – академиялық мәселелер және білім беру сапасы жөніндегі  проректоры қызметін атқарып келеді.

60-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 10 оқу құралының авторы, сондай-ақ 5 авторлық куәліктің иегері. Оқу-әдістемелік бірлестік – Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (ОӘБ–РОӘК) «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша мүшесі. «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша ОӘБ-ЖБТ төрағасы.

2009 және 2020 жылдардың «ЖОО үздік оқытушысы» атақтарының иегері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен (2018), «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2024г.),  Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спорттық дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2014), «Қазақ спорт және туризм академиясын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» (2019) медалімен марапатталған. Оның жетекшілігімен екі докторлық (PhD) диссертация қорғалды. Жүзуден спорт шеберлігіне кандидат, «Жоғары ұлттық санаттағы төреші» атақтары бар.

 

2026 жылға арналған азаматтарды қабылдау кестесі

 

Аты-жөні, лауазымы Қабылдау күндері мен уақыты Кабинет, қабат, телефон
Нурмуханбетова Динара Кенжеевна

Бірінші проректор – академиялық мәселелер және білім беру сапасы жөніндегі  проректоры

09:00-17:30 2 қабат, 229 каб.

8 (7272) 92-39-37

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма