ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Халықаралық байланыстар
ХБ – білім беру, ғылыми-зерттеу және қоғамдық қызмет саласында халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты дамытуды ұйымдастыру үшін құрылған академияның құрылымдық бөлімшесі.
Мақсаты: Академия мамандарын даярлау сапасын арттыруға, бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға және тұтастай алғанда академияның халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға ықпал ететін халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларына қатысуын ұйымдастыру және үйлестіру.
Міндеттері:
- академияның халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру;
- шет елдерде және ҚР-да халықаралық жобалар мен бағдарламаларды қалыптастыру және жүзеге асыру;
- шет елдердің оқу орындарымен, қорларымен және басқа да ұйымдарымен халықаралық байланыстарды дамыту;
- академияның халықаралық байланыстар және қатынастар саласындағы қызметін ақпараттық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
- профессор-оқытушылар құрамын халықаралық ынтымақтастыққа тарту;
- шетелдік серіктестермен академияның факультеттері, кафедралары және басқа да құрылымдық бөлімшелерінің халықаралық ынтымақтастығын үйлестіру;
- білім алушыларға, академия бөлімшелері мен қызметкерлеріне ағымдағы кеңес беру жұмыстарын жүргізу және өзге де көмек көмек көрсету;
- шетелдік оқытушылардың академиядағы жұмысын ұйымдастыру;
- студенттерді, магистранттарды, докторанттарды оқыту жұмыстарын және оқытушылар мен қызметкерлердің шетелде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру;
- академияға үкіметаралық және жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер бойынша келетін, сондай-ақ жеке тәртіппен келетін шетелдік студенттерді, магистранттарды, докторанттарды оқытуды ұйымдастыру
ХБ келесідей қызметтерді жүзеге асырады:
- халықаралық ынтымақтастық саласындағы бағдарламаларды, келісімдерді және басқа да құжаттарды дайындау;
- оқу және ғылыми жұмыс деңгейін арттыруға ықпал ететін шетелдік серіктестермен байланыстарды іздеу және орнату;
- Академияның халықаралық байланыс саласындағы шарттарды, келісімдерді, бағдарламаларды, басқа да екіжақты және көпжақты құжаттарды дайындау, келісу, жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша ҚР аумағындағы халықаралық ұйымдармен және шет елдердің өзге өкілдіктерімен өзара жұмыс жасау;
- қажет болған жағдайда академияның Халықаралық байланыстар туралы келісім жобаларын қоса алғанда, халықаралық байланыстар мәселелері бойынша шет елдердегі ҚР оқу орындарымен, консулдықтарымен және өкілдіктерімен өзара жұмыс жасау;
- Академияның шетелдік білім беру және ғылыми мекемелермен, ұйымдармен байланысын орнату және дамыту бойынша жұмыс жүргізу;
- академия өкілдерінің халықаралық бірлестіктер, қауымдастықтар, қорлар, жоғары оқу орындары өткізетін іс-шараларға қатысуы жөнінде ұсыныстар дайындау;
- шетелдік әріптестермен бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды дайындауға қатысу;
- студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, оқытушылардың, ғылыми қызметкерлердің сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуын және халықаралық алмасуын ұйымдастыру;
- шетелдік гранттар, алмасу бағдарламалары, шетелдік тағылымдамалар туралы ақпаратты іздеу және тарату;
- шетел университеттерінің және басқа ұйымдардың өкілдерімен халықаралық конференциялар, семинарлар, “дөңгелек үстелдер” дайындауға және ұйымдастыруға қатысу;
- шетелдік әріптестердің шақыруы бойынша академия делегацияларының шетелге шығуын ұйымдастыру, сондай-ақ академия басшылығының шақыртуы бойынша келетін шетелдік делегациялардың академияға келу жұмыстарын ұйымдастыру;
- академияға ақылы негізде шетелдік білім алушыларды қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру;
- шетелдік білім алушыларға академия базасында орыс тілін үйрету және жоғары оқу орнына дейінгі даярлау жұмыстарын ұйымдастыру;
- Академия бөлімшелеріне халықаралық ынтымақтастықтың жекелеген бағыттары бойынша шетелдік әріптестерді іздестіруге жәрдемдесу;
- академияның халықаралық қызметі жөнінде жылдық есептерді дайындау;
- шетелдік студенттерді тіркеу.