Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов

671923659821375Қайрат Қайроллаұлы Закирьянов

 

1976 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың механика-математика факультетін бітірген. 1976-1979 жылдары Абай атындағы ҚазПИ аспиранты. 1979-1995 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жұмыс істеді, онда ассистенттен ЖОО ректорына дейінгі мансап жолынан өтті. ЖОО-да оның ғылыми жетекшілігімен КСРО көлемінде мамандарды көп деңгейлі даярлау және шығармашыл дарынды балаларды іздеп, кейіннен оқыту бастамасы көтеріліп, бұл бағытта ірі эксперимент қолға алынды. Бұл зерттеулердің тиімді де табысты  нәтижелері Ұлттық білім беру жүйесінің «бакалавр-магистр-докторантура» үштігіне негізделген жаңа құрылымын құруға негіз болды.

1995-1998 жылдары Қ.Қ. Закирьянов Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қайрат Қайроллаұлы Қазақ спорт және туризм академиясын басқарады. Оның басшылығымен білім ордасында  «Дене шынықтыру және жоғары жетістіктер спорты», «Дене шынықтыру және спорт психологиясы», «Дене шынықтыру және спорт менеджменті», «Дене шынықтыру және спорт журналистикасы», «Дене шынықтыру және қорғау қызметі», «Дене шынықтыру және денсаулық менеджменті» атты жаңа білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білімді кәсіби мамандар дайындалып келеді. Академия Болон процесінің толық мүшесі болды. Ұлттық рейтинг нәтижелері бойынша академия жыл сайын жоғары оқу орындары арасында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 1-орын иеленеді.

Қ. Қ. Закирьянов еліміздің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі мемлекеттік саясатын іске асыруға елеулі үлес қосып келеді. Оның бастамасы бойынша спорттағы дарынды балалар үшін 6 атаулы Олимпиада чемпиондары академиясы құрылды, онда бүгінде Алматы қаласының 500-ден астам жастары айналысады, бұл Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі көзқарасымен үндес әрі нақты іске асырудың бірден-бір көрінісі. Алматы қаласында Қайрат Қайроллаұлының бастамасымен Халықаралық дене шынықтыру және спорт университеттері қауымдастығының Президенті және ҚР Студенттік спорт федерациясының Президенті ретінде өткізілетін халықаралық ғылыми конгрестер мен конференциялар, әлем және Азия чемпионаттары, студент жастар арасында спорттың әртүрлі түрлері бойынша ірі халықаралық турнирлер Алматы қаласының әлемдік ғылыми, спорттық және мәдени орталық ретіндегі жоғары имиджін қалыптастырып келеді. Алматыда оның басшылығымен және 2004, 2009,2014 жылдары тікелей қатысуымен «Баршаға арналған олимпиадалық спорт және спорт» халықаралық ғылыми конгрестері өткізілді, оған әлемдік қоғамдастықтың 50-ден астам елінен ғылыми және спорттық қоғамдастық өкілдері қатысты. Конгресс жоғары халықаралық мәртебеге ие болды, өйткені бұл шара Қазақстан Республикасының Президенті мен Халықаралық Олимпиада комитеті Президентінің қамқорлығымен өтті.

2006 жылы Алматы қаласында бокстан студенттер арасында Әлем чемпионаты, 2011 жылы таеквондодан Азия чемпионаты өткізілді. 2014 жылдың қазан айында Алматыда «Олимпиадалық спорт және барлығына арналған спорт» атты халықаралық ғылыми конгресі, ал 2014 жылғы желтоқсанда конькимен жүгіру спортынан студенттер арасында Әлем чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралардың барлығы 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға арналған еді. 2016 жылы Алматы қаласында футзалдан студенттер арасында Азия чемпионаты болып, онда Қазақстан командасы жалпы командалық екінші орынға ие болды. 2018 жылы Алматыда студенттер арасында футзалдан Әлем чемпионаты өтті.

Қазіргі уақытта Қ.Қ. Закирьянов атқарушы комитеттің мүшесі – Халықаралық студенттік спорт федерациясының (ҒISU) ассесоры болып табылады және Алматыда 2022 жылы ұйымдастырылған Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім беру комитетінің жұмысына елеулі үлес қосты. Сонымен қатар Қ. Қ. Закирьянов елімізде 28 қаңтар мен 5 ақпан аралығында өткен 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың Алматы қаласында өткізілу құқығын жеңіп алуына тікелей бірінші кезекте себепші болған тұлға.

Дүниежүзілік студенттік ойындарда Қазақстан жалпы командалық екінші орынға ие болып, 36 медаль жеңіп алды, оның ішінде 11 алтын, 8 күміс, 17 қола. Жалпы медальдардың 24 данасын Қазақстан құрамасының қоржынына Қазақ спорт және туризм академиясының студенттері әкелді, бұл 7 алтын, 6 күміс және 11 қола медаль. Алматыда өткен Дүниежүзілік 28-ші Қысқы универсиада қала мен жалпы ел үшін үлкен естен кетпес оқиға әрі спорттық жетістік болып қалды. Мәселен, осының нәтижесінде Алматы қаласы дамыған спорттық инфрақұрылымға ие болды. Жарыс алдында екі заманауи спорт кешені – 3 000 орындық «Халық Арена» және 12 000 орындық «Алматы Арена» спорт кешендері іске қосылды, онда барлық спортқа қызығушылық танытушы әрі ниет білдірушілер шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, керлинг, сондай-ақ бокс, грек-рим және еркін күрес, самбо, дзюдо және т.б. спорт түрлерімен айналыса алады. 5000 орындық олимпиадалық ауыл пайдалануға берілді. Универсиада біздің Республикамыздағы көрікті қалаға шетелдік туристердің айтарлықтай ағынын тартты, бұл Алматы қаласының халықаралық туристік орталық ретіндегі имиджінің қалыптасуына да әсер етті. Дүниежүзілік қысқы универсиаданы дайындау және өткізу нәтижесінде Алматы қаласы әлемдік қоғамдастықтың ғылыми, мәдени және спорттық орталығына айналды.

Профессор Қ.Қ. Закирьянов Республиканың танымал бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде сөз сөйлеп, сонымен қатар әлемдік аренада қазақ халқының тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттайды. 120-дан астам мақалалар, оқулықтар мен монографиялар жариялады. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шыққан және Ұлыбританияның Корольдік географиялық қоғамында және Лондонның Британ кітапханасында таныстырылған екі монографияның авторы, оның бұл ғылыми шығармалары Қазақстанның халықаралық беделін арттыратыны сөзсіз.

Қ.Қ. Закирьяновтың еңбектерінде ғылыми негізделген ұлтымыздың ұлы тарихы нәтижесінде қазақ халқы әлемге танымал болды. Қазақ халқының тарихи өткеніне арналған ғылыми еңбектері үшін Қ.Қ. Закирьянов Ұлыбритания Корольдік географиялық қоғамының, АҚШ Конгресс кітапханасының, Жапонияның Ұлттық кітапханасының, Ресей Ғылым Академиясы кітапханасының алғысын алды.

Қайрат Қайроллаұлы қазақ халқының тарихы мен қазақ шежіресі туралы көптеген кітаптардың авторы. Оның еңбектері әлемдік тарихи қауымдастық тарапынан қазақ ұлтының өзін-өзі анықтаудағы монументалды еңбектер ретінде танылып, қазақтардың ұлттық рухының жандануына септігін тигізеді. Өз еңбектерінде Қ.Қ. Закирьянов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам – Ұлт жоспарында» белгілеген «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасына сәйкес қазақ халқы мен Қазақ мемлекетінің ұлы тарихи өткенін қалпына келтіруге көп көңіл бөледі. Ол Ж. Байжұминмен бірге «Ұлы дала және Ежелгі Грецияның Олимпиада ойындары. Спорттың шығу тегі» оқу құралын шығарды. Қайрат Қайроллаұлы «Тюркская сага Чингисхана и KZ фактор», «Под знаком волка. Тюркская рапсодия», «Когда Боги не спорят с неизбежностью», «Только эта жизнь имеет цену» кітаптарының авторы.

Алматыда 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың басталуы қарсаңында «Студенттік спорт және Дүниежүзілік универсиада» кітабы жарық көрді, онда Қ.Қ. Закирьянов әлемдік студенттік спорт қозғалысының бүкіл тарихын баяндады және Қазақстанның әлемдік студенттік спорттағы үлкен рөлін ерекше атап көрсетті.

2007 жылы ҚР Президенті жарлығымен Қ.Қ. Закирьяновқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғысы берілді.

Қ.Қ. Закирьяновтың жемісті қызметі мемлекетіміз бен шет елдер тарапынан кеңінен танылып, лайықты бағаланады. Ол 1991 жылы Ы. Алтынсарин медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) мерейтойлық медальдарымен марапатталды. «Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2002ж.), «Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері»(2004ж.), «Қазақстан Республикасының спортының Құрметті қайраткері» (2004ж.), «Білім беру ісінің құрметті қайраткері» Қ.Қ. Закирьянов Қазақстан Жоғары мектебі Ғылым Академиясының академигі (2002ж.), Петров ғылым және өнер академиясының академигі (Санкт-Петербург қ., 2006ж.), ҚР Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі (2006ж.), «Шыңғысхан» дүниежүзілік академиясының академигі (2012ж.). Ол 5 шетелдік спорт университеттерінің құрметті профессоры: Мәскеу (2016), Санкт-Петербург (2015), Киев (2009), Ереван (2012), Пекин (2013). Қазақстан Республикасы Ұлттық ат спорты түрлері федерацияларының «Ұлы даланың Құлагер – тұлпары» (2012ж.) орденін иеленген. 2014 жылы «Құрмет», Ұлы Петр, Шыңғысхан және Абылайхан ордендерімен, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің «Құрмет» белгісімен және басқа да наградалармен марапатталған.

Қызмет барысында Қ.Қ. Закирьянов Өскемен қаласында Қазақстан-Америка еркін университетін құрғаны үшін Бреретон штатының губернаторы С.Джонс берген «Кентукки штатының полковнигі» атағына ие болды, сондай-ақ Қазақ-Америка қарым-қатынасын дамытқаны үшін Висконсин штатының губернаторы Томми Дж. Томпсонның алғыс хатымен марапатталды. 2014 жылы ол Ұлы Рим мен Ұлы Византияның асылтекті фамилияларының ұрпақтары құрған «Шыңғыс хан орденінің Рыцарі» атағына ие болды.

Қ.Қ Закирьянов Қазақстанның студент жастары арасында бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамыту ісіне, қазақстандық студенттердің әлемдік спорт аренасындағы жетістіктеріне, халықаралық спорттық және ғылыми байланыстарды нығайтуға, Қазақстан Республикасының әлемдік спорт аренасындағы имиджін арттыруға елеулі үлес қосып келеді.

Профессор Қ.Қ. Закирьянов Дене шынықтыру және спорт университеттерінің Халықаралық қауымдастығының президенті, ҚР Студенттік спорт федерациясының президенті бола отырып, Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз іскерлік қарым-қатынас орнатты, бұл Алматы қаласының халықаралық спорт, ғылыми және мәдени орталық ретіндегі оң имиджін қалыптастыруға әсер етеді және Алматы қаласында жақын арадағы қысқы Олимпиаданы өткізу құқығын жеңіп алуға да оң ықпалын тигізеді.

Close