Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының тарихы
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының тарихы Қазақ спорт және туризм академиясының тарихымен тығыз байланысты. Әр жылдары кафедра әртүрлі атауымен жұмыс істеді – марксизм-ленинизм кафедрасы, ғылыми коммунизм және саяси экономика кафедрасы, қоғамдық-саяси және гуманитарлық пәндер кафедрасы. 2005 жылы әлеуметтік-гуманитарлық сала мамандарын біріктіріп, кафедра қазіргі заманға сай атауына ие болды.
Кафедраның бастапқы мақсаты студенттер арасында кеңестік дәуірдің ресми идеологиясының негізі болып табылатын марксистік-лениндік философияны зерттеуге бағытталған оқу, ғылыми және тәрбие жұмысы болды. Кафедра марксистік-лениндік философия, ғылыми коммунизм, марксистік-лениндік этика және марксистік-лениндік эстетика, сондай – ақ ғылыми атеизм курстарын оқытты. Студенттерді- болашақ педагогтарды гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық білімге баулыды.
Кафедраның қалыптасуы мен дамуына көптеген көрнекті тұлғалар үлкен үлес қосты. Мысалы, 60-70 жылдары КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жүнісбек Жұмабеков болды, кейінірек ол Абай атындағы ҚазПИ ректоры қызметін атқарды.
Әр жылдары кафедраны басқарған тұлғалар:
- Валерий Иванович Яковлев– философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Олег Никанорович Белоус–философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Чапай Габдыгалиевич Мусин –КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихы оқулығының авторы;
- Жасқайрат Әлиасқарұлы Буламбаев–гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор;
- Мухаметказы Тажин – 90-жылдардың аяғындағы КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Турсун Хафизович Габитов – кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор. 100-ден астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың, 15 монографияның авторы. Қазақстандағы мәдениеттану ғылымының бастауында тұрған адамдардың бірі. Оның жетекшілігімен философия, мәдениеттану, логика пәндері бойынша қазақ және орыс тілдерінде алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарын шығарды.
- Турсунбаев Тимур Абдиевич – кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, 100-ден астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың, монографиялардың авторы.
- Агелеуова Айгуль Токтархановна – кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты,қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, 80-дан астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың, монографиялардың авторы.
- Ибраимова Асель Ашимтаевна – 2021 жылдан бастап кафедра меңгерушісі, информатика магистрі, PhD үміткер, 30-дан астам ғылыми және әдістемелік мақалалардың, монографиялардың авторы.
Кафедрада әр уақытта жұмыс істеген профессорлық-оқытушылар құрамының басқа да өкілдерін атап өту керек:
- Диас Джамбулов– саясаттану ғылымдарының докторы, 70 жылдардағы кафедра доценті;
- Владимир Матвеевич Козьменко–тарих ғылымдарының докторы, профессор, РҒА академигі, РХДУ тарихы кафедрасының меңгерушісі. (Мәскеу);
- Наум Иосифович Кренгауз– экономика ғылымдарының докторы, 60-70 жж кафедра доценті;
- Вахиля Сержановна Сержанова–тарих пәнінің аға оқытушысы;
- Клара Абдыгафаровна Баймухамбетова– тарих пәнінің аға оқытушысы;
- Кенес Ихсанович Ихсанов– тарих ғылымдарының кандидаты, профессор;
- Ерболат Елюбаевич Тайбеков–тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, шахматтан институттың құрама командасының капитаны;
- Джанибек Джаикович Рыспеков-философия ғылымдарының кандидаты, доцент, стендтік атудан спорт шебері;
- Нина Николаевна Полетаева– философия ғылымдарының кандидаты, доцент, «Спорт этикасы» оқулығының авторы;
- Ирина Александровна Журавлева– философия ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Алевтина Ивановна Жукова– философия ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Валерий Иванович Толмачев– философия ғылымдарының кандидаты, доцент, 80 жылдардағы Шығыс Қазақстан облысындағы жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі ССО командирі;
- Станислав Мунишевич Фридман–философия пәнінің оқытушысы, «Дене шынықтыру және спорт социологиясы» оқулығының авторы, КазИФК басылымы;
- Зауре Мергалиевна Ишмухамедова– тарих пәнінің аға оқытушысы;
- Лариса Изимовна Мухамеджанова– философия ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Амиржан Шалтыков– тарих ғылымдарының докторы, профессор;
- Шоку Амирович Амиров– экономика ғылымдарының кандидаты, доцент;
- Юрий Васильевич Васильев– философия ғылымдарының кандидаты;
- Агелеуова Айгуль Токтархановна – философия ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР Педагогика Ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі;
- Жанганатова Калимаш Нуратдиновна- тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
- Винокурова Елена Ивановна– тарих магистрі, аға оқытушы;
- Дауренбекова Айгуль Турсунхановна-информатика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы;
- Тебегенова Эльвира Темирхановна- психология-педагогика магистрі, аға оқытушы;
- Додаева Куаныш Жанузаковна- әлеуметтану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
Оқу үдерісін ұйымдастыруға оқу-көмекші персоналдың өкілдері – лаборанттар, кабинет меңгерушілері, әдіскерлер елеулі үлес қосты, олардың арасында ММУ түлегі Н.В. Ким, Б. Кабиева, А. Бекишева, Н. Шупшибаева, А. Н.Алтынбайды атап өту керек.
Қазіргі уақытта кафедра «Философия», «Қазақстан тарихы», әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Саясаттану, Әлеуметтану), әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Мәдениеттану), «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Ғылым тарихы мен философиясы», «Академиялық жазу», «Электронды білім беруді дамыту және цифрландыру», «Құқықтық реттеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама» сияқты пәндерді оқытуды қамтамасыз етеді.
Жаңа білім беру жүйесінің кредиттік технологияға ауысуына сәйкес кафедра жинақталған үздік тәжірибені сақтай отырып, жаңа курстар құрастырып, оқытылып жатқан курстарды жаңартып, модернизациялауда.
2019 жылдан бастап кафедра оқытушылары оқу процесіне жаңа технологияларды белсенді енгізуде. LMS Moodle платформасында курстар әзірлеуде. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары Академия басшылығымен де, одан тыс жерлерде де ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларға, ғылыми конференцияларға, семинарларға белсенді қатысады. Жыл сайын мастер-класстар өткізіледі, «Күміс университеті» үшін курстар әзірленуде.