Гимнастика және жүзу кафедрасының тарихы
Гимнастика және жүзу кафедрасы
1995 жылы біріктірілгенге дейін екі дербес кафедра жұмыс істеді.
Гимнастика кафедрасы
1945 жылдың 1 қыркүйегінен бастап гимнастика кафедрасы ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің бірі ретінде жұмысын бастады.
Пайда болған алғашқы күндерінен бастап гимнастика кафедрасы оқытушы-мамандарды, жаттықтырушыларды, ғылыми қызметкерлерді даярлау орталығына айналды.
ҚазДТИ алғашқы бітірген студенттер, 1949 ж. А.А. Ершов (ортасында)
ҚазДТИ алғашқы студенттер тобымен
1945 жылдан біріктірілген 1995 жылға дейін гимнастикадан келесідей мамандар кафедра меңгерушілері болды:
- А.А. Ершов (1945-1950жж.) – СШ, ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
- Х.М. Мухамеджанов (1951-1957 жж.) – доцент.
- К.К. Куанышбаев (1959-1961жж.).
- Г.А. Мещерский (1962-1971 жж.) – ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, доцент.
- М.И. Горанько (1973-1981 жж.) – п.ғ.к., доцент, ХД төреші.
- В.А. Васицкий (1981-1989 жж.) – құрметті СШ, ЖС төреші.
- А.Л. Надыров (1990-1995 жж.) – п.ғ.к., доцент.
Кафедралар біріккеннен кейін – педагогикалық ғылымдар докторлары Г.М. Сарсекеев (2008-2009 жж.), п.ғ.к Д.К.Нурмуханбетова (2009-2014ж.), п.ғ.д А.С. Жуманова (2014-2018 ж.) PhD докторы А.Б.Ермаханова (2018ж.)
Кафедра оқытушыларының қатарында әр түрлі жылдары болды: спорттық гимнастика бойынша – А.А. Ершов, Г.А. Мещерский, И.М. Муллаев, Т.Е. Дордий, М.И. Горанько, В.П. Шепота, В.В. Степанов, В.Н. Батурин, П.Д. Петров, Г.Л. Голых, В.С. Шевергина, А.У. Кашкембаев, В.М. Смирнов, В.А. Васицкий, А.Ф. Радионенко, Л.А. Попова, В.Д. Кузнецов, А.С. Якупов, Х.Я. Чимиров, А.С. Саркенов, В.М. Поляков, А.Л. Надыров, И.И. Гридюшкин, Г. Потапович, В. Симонов, М.А. Иванов, В.П. Кожевников, А.Ю. Комлев, В.Н. Кузьмин, А.К. Асранкулов, С.С. Гыргенов, Ю.П. Безручко, Л.Г. Лаврова, Т.К. Ракишев, Е.Т. Узаков, Н.К.Кожаков; көркем гимнастикадан – Л.К. Каспарова, А. Батырбекова, Н.Б. Лаптева, С.Д. Загодерчук, Н.В. Герасимова, Г.В. Коваленко, Л.А. Ермухаметова, А.Н. Уметаева, М.М. Юнусбаева, Т.П. Полукарова, А.С. Жуманова, Л.М. Омурзакова; спорттық акробатикадан – А.Д. Тулупов, В.П. Блинцов, И.В. Москатов, В.А. Докторов, В.Ф. Стародубов, В.П. Шевченко, А. Козырев, А.Н. Митин, Г.М. Сарсекеев.
1984-1985 оқу жылындағы кафедра ұжымы
Көптеген жылдар бойы кафедрада тәжірибелі сүйемелдеушілер жұмыс істеді: П.А. Курдюмова, В. Чевердин, В. Шедро, Е. Хан, Л. Лизункина, Л. Кошкарева, В. Чугуева, М. Усенова, Г. Сметанникова; лаборанттар – К.Д. Кириенко, В.А. Ильин, А.Г. Катанаев; хатшылар – Л.С. Докторова, Городецкая С.
Кафедраға дене тәрбиесі мерекелерін ұйымдастыру және даярлау жауапты міндеті артылды. Кафедра делегациясы 1980 ж. Мәскеу қаласында Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты.
КСРО құрама командаларының бас жаттықтырушылары Л.С. Ладынина және В.М. Смолевскийдің қатысуымен республикалық жаттықтырушылар семинары
Мәскеу Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысқан кафедра оқытушылары мен студенттері (делегация басшысы – В.А. Васицкий
Кафедра түлектері, бұрынғы жоғары санатты спортшылар, республикадағы жаттықтырушы мамандардың негізін құрайды – КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушылары А.Ф. Радионенко, Э.Н. Яров, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары – Г.А. Мещерский, Л.К. Каспарова, В.В. Степанов, В.Н. Батурин, В.П. Блинцов, Н.А. Маракова, Г. Трегубенко, В. Верещагин, О.Б. Матаганова, А.А. Гребенюков, Х.Я. Чимиров, А.Г. Калиш, Г.С. Комлева, М.И. Ескиндиров, М.И. Горанько, Х.Ш. Курбанов; Халықаралық санаттағы төрешілер – В. Васицкий, Е. Гейдт, М. Горанько, А. Калиш, А. Ким, Г. Комлева, А. Комлев, Х. Курбанов, О. Матаганова, В. Орлов, В. Шульц, Э. Яров, Г.А. Дягилева, А.С. Жуманова. Спорт шеберлері даярланды: спорттық гимнастикадан – 200-ден астам, көркем гимнастикадан – 100-ден астам, спорттық акробатикадан – 90-нан астам; халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері – 25, үш КСРО еңбек сіңірген спорт шебері – Н. Ким, Н. Ильенко, В. Новиков және ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері – С. Федорченко, Ю. Цапенко.
ППС гимнастика және желкенді 2019 ж.
Жүзу кафедрасы
1995 жылы біріккенге дейін жүзу кафедрасы институттың дербес бөлімшесі болды. Соның ішінде, институттың оқу жоспары барлық студенттер үшін міндетті жүзу курсын қарастырды.
Л.М. Лукьяновский – Қазақтың дене тәрбиесі мемлекеттік институтының жүзу кафедрасының алғашқы меңгерушісі (1945-1946 жж.).
Спорттық жүзу дағдыларын үйрету бойынша алғашқы сабақтар қала сыртындағы Тастақ ауылының тоғанында МЕОДТИ түлектерінің, сол кездегі жас мамандардың басшылығымен – Л.М. Лукьяновский, А.П. Гут, Г. Синицын. Студенттер сабақ өтетін орынға трамваймен барып, ары қарай жаяу жүрді, осылайша барып қайтқанға үш сағат уақыт жұмсады.
1947 жылдың жазында осы тоғанда уақытша жабдықталған үш жолды бассейнде жүзуден республиканың алғашқы жеке-командалық біріншілігі өткізілді. Оған Гурьев, Орал және Алматы қалаларының командалары қатысты.
Сабақтарды өткізу үшін қолайсыз жағдайларға және жүзу спортын танымал ету жұмыстарына байланысты ең болмағанда қарапайым жүзу бассейнінің құрылысы қажет болды.
Бассейн құрылысына орын іздеу Алма-Ата өзенінің жанында қараусыз қалған, қоқыстар үйілген жер телімі бар М. Горький атындағы Мәдениет және демалыс саябағына алып келді.
Алма-Ата қалалық компартиясының және Қазақстанның ЛКЖО ОК белсенді көмектесуімен, ҚазҚалаЖоба комсомол тобының ынтагерлерімен, қоғамдық бастамамен мөлшері 25х15м, суға секіруге арналған 8-метрлік мұнарасы, суды жылытуға және хлорлауға арналған тұндырғышы бар жаздық құйылмалы жүзу бассейнінің жобасы даярланды.
Өте қысқа мерзімде Қазақтың дене тәрбиесі институтының студенттерінің және оқытушыларының күшімен, қоғамдық бастамамен, бассейн салынды, және де 1948 жылдың 2 мамырында үлкен су мерекесімен ашылу салтанаты болды. Сонымен қатар, осы құрылыстың қиындықтарын да көрсеткен жөн – жұмыстар механизмсіз, қолмен жасалды. Ауыр топырақ (тастар, малта тастар) құрылыстың барлық кезеңдерінде институт ректоры Ш.Ш. Бекбаевтің, институттың партиялық ұйымының хатшысы Л.В. Головиннің және жүзу кафедрасының меңгерушісі А.П. Гуттың тарапынан үлкен физикалық қысымды және үлкен ұйымдастырушылық күш салуларды талап етті (фото).
Мәдениет және демалыс саябағының көркем ауданында салынған институттың жүзу бассейні астананың үздік спорттық құрылыстарының біріне айналды. Оның аумағында гимнастика қалашығы, ауыр атлетикаға және спорттық күреске арналған алаңқай болды.
Қазақтың дене тәрбиесі институтының республикадағы алғашқы бассейні спорттық жүзудің, су добының және суға секірудің дамуына үлкен серпін берді. Тұрақты түрде өткізілетін жарыстар мен су мерекелері Алматы тұрғындарының көп бөлігінің назарын аударып, олар бассейндерге келетін және өз балаларын кафедрамен ұйымдастырылған балаларға арналған оқу топтарына жіберетін болды.
1948 жылы тамызда ары қарай оқу-әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстың орталығына айналған осы бассейнде жүзуден Қазақ КСР екінші жеке-командалық біріншілігі өткізілді. Оған төрт облыстан (Гурьев, Орал, Қызылорда, Семей) және Алматы қаласынан командалар қатысты.
Материалдық базаның пайда болуы спорттық жүзуді 1949 жылғы IV Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасына қосуға жағдай жасады.
Бүкілқазақстандық спартакиада бағдарламасындағы жүзу жарысы қатысушылардың, жаттықтырушылардың, республиканың спорттық ұйым басшыларының оқу алаңына және спорттық жүзуді кең танымал етудің трибунасына айналды. Жарысты өткізу барысында жүзу секциясын (федерациясын) құру бойынша ұйымдастырушылық мәселелер шешілді, оның төрағасы болып жүзу кафедрасының меңгерушісі Александр Петрович Гут тағайындалды.
Қазақстан жүзгіштерінің бұқаралығы мен шеберлігіндегі айқын алға басулар 1950 жылғы V Бүкілқазақстандық Спартакиадада көрінді. Жарысқа 171 адам қатысты. Қазақстанда алғаш рет 1-ші спорттық разрядтың нормативтерін орындаған жүзгіштер пайда болды. Олар: Бахи Ельгундиев (1927 ж. туылған, жаттықтырушысы А.П. Гут), Виктор Морозов (1928 ж. туылған, жаттықтырушысы А.П. Гут), Юрий Кабин (1928 ж. туылған, жаттықтырушысы Л.М. Лукьяновский), Николай Семашко (1928 ж. туылған, жаттықтырушысы Ш.А. Хасанов).
1956 жылы КСРО халықтарының 1 Спартакиадасына қатысқан Қазақстан жүзгіштері одақтас республикалардың 17 командасының арасында 11-ші орын алды.
Осы уақытта 1938 жылы туылған жүзгіш Геннадий Николаевтің (Алматы, жаттықтырушы Л.М. Лукьяновский) таланты ашылып, КСРО жүзу Федерациясымен бекітілген қатаң нормативті орындады. Ол 10 кеңестік жүзгіштердің құрамында 1956 ж. Мельбурнде (Австралия) XVI Олимпиада ойындарына қатысып, 4х200м еркін стильдегі эстафетада қола жүлдегер атанды. Геннадий Николаев халықаралық аренада елдің спорттық абыройын бірнеше рет қорғап, 4х200 м еркін стильде эстафеталық жүзуде әлемдік рекордшы (1956 ж.), эстафеталық жүзуден Еуропаның алты дүркін (1956-1958 жж.) рекордшысы, 200 м еркін стильде жүзуден КСРО-ның екі дүркін рекордшысы (1957 ж.) болды. Осы кезеңде бірқатар жүзгіштер өзін көрсете алды – Тамара Добровольская, Михаил Шегай, Олег Михайлов, Владимир Петров, Абдулла Еникеев және т.б. Олар көптеген жарыстарда және КСРО халықтарының спартакиадаларында Қазақстанның намысын табысты қорғады.
Республикада мамандар даярлау және жүзу бассейндерінің құрылысы сияқты маңызды мәселелер оң шешімін табуда. 1949 жылы Қазақтың дене тәрбиесі институты жүзу саласындағы жоғары білікті мамандардың алғашқы түлектерін шығарды, олардың саны 1967 жылы 98 адамға жетті.
Спартакиададан спартакиадаға республиканың алдыңғы қатарлы жүзгіштерінің нәтижелерінің айқын өсуіне қарамастан, жүзгіштердің құрама командасының турнирлік жағдайы төмендей берді. 1 КСРО халықтары Спартакиадасында Қазақстан жүзгіштері 11 орын алса, ал 2 Спартакиадада олар бір саты төмен түсіп, 12 орын алды. 1963 жылы 3 КСРО халықтары Спартакиадасының бағдарламасы бойынша өткен жарыстар жүзгіштер үшін табысты рекордты кезең болды. Қазақ КСР 12 рекорд қойды. Алайда бұл кезең республикадағы жүзу әуесқойларына одан да көп қынжылыс алып келді – қазақстандық жүзгіштердің командасы 2 Спартакиаданың алдындағыға қарағанда анағұрлым күштірек дайындалғанымен, бар болғаны 14 орынды қанағат тұтуға мәжбүр болды.
КСРО халықтары спартакиадаларына қазақстандық спортшылар табысты қатысуы және тиімді дайындалуы үшін жүзгіштердің жыл бойы дайындалуына мүмкіндік туғызатын басқа жағдайлар қажет екендігі анық болды – жабық жүзу бассейндері. Келесі жылдары бірқатар жабық қыстық жүзу бассейндері салынды. Солардың бірі (25х12,5м) 1957 жылы Қарағандыда салынды. 1963 жылы Алматыдағы Пионерлер сарайында қыстық бассейн (25х8,4м.) және Кентау қ. суды жылытатын жаздық бассейн (50х20 м); 1965 жылы – Алматылық үй құрылыс комбинатының жанында қыстық бассейн (25х15 м); Өскеменде екі жолды жабық бассейн (25х5м); 1967 жылы көктемде – Алматыда Қазақ КСР Орталық стадионының жанында қыстық бассейн (25х15м) салу басталды.
Заманауи талаптар деңгейінде салынған және жабдықталған жабық жүзу бассейндерінің пайда болуы жүзгіштермен жыл бойы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін жағдай жасап, бұл көп күттірмей жүзгіштердің спорттық-техникалық нәтижелерінің өсуімен көрініс тапты. Осылай, егер 1965 жылы КСРО спорт шеберінің нормативін Қарағандыдан Николай Будянский (жаттықтырушысы А.П. Юрченко) деген тек бір жүзгіш орындай алса, 1966 жылы бұл аралықты бірден 9 адам жүзіп өтті. Олар: алматылықтар – Илья Злобин (1947 ж. туылған), Лариса Белоусова (1948 ж. туылған, жаттықтырушысы В.В. Масютенко); Владимир Татарчук (1944 ж. туылған, жаттықтырушысы Ш.А. Хасанов); Юрий Гилев (1948 ж. туылған), Игорь Панов (1951 ж. туылған), Алексей Светоносов (1948 ж. туылған, жаттықтырушысы О.Е.Михайлов); Юрий Титов (1943 ж. туылған), Валерий Ермошин (1946 ж. туылған, жаттықтырушысы Б.Е.Вишняков) және Қарағандыдан Владимир Конради (1947 ж. туылған; жаттықтырушысы Л.М. Лазариди). 1967 жылы тағы 9 жүзгіш КСРО спорт шебері нормативін орындайды – Виктор Поврезнюк (1948 ж. туылған), Степан Валюс (1946 ж. туылған, жаттықтырушысы А.П. Юрченко; Татьяна Курсинова (1948 ж. туылған, жаттықтырушысы Ш.А. Хасанов; Виктор Абоимов (1948 ж. туылған, жаттықтырушысы Л.М. Лазариди; Ольга Буцкая (1953 ж. туылған, жаттықтырушысы Б.Е. Вишняков); Юрий Мишин (1950 ж. туылған, жаттықтырушысы М.И. Шегай); Юрий Боженко (1950 ж. туылған, жаттықтырушысы В.Б. Петров); Сергей Молгачев (1950 ж. туылған, жаттықтырушысы О.Е. Михайлов); Шамиль Гарипов (1951 ж. туылған, жаттықтырушысы А.С. Ужегова).
Егер 1965 жылға дейін республиканың рекордтар кестесінде спорт шебері нормативінен асатын бірде бір нәтиже болмаған болса, IV КСРО халықтары Спартакиадасының қарсаңында жеке жүзудің 24 түрі мен қашықтығынан республиканың рекордтар кестесінде 15 – КСРО спорт шебері, 7 – КСРО спорт шеберлігінен үміткер және тек 2 ғана – бірінші разрядты спортшы болды.
1948 жылдан бастап жүзу кафедрасын ГДОЛИФК түлегі Шамиль Абдулович Хасанов (1921-1970) басқарды. Ол республикадағы жүзудің және кафедраның дамуына үлкен үлес қосты, жүзуден республикаға еңбегі сіңген жаттықтырушы, ұлттық команданың жаттықтырушысы, бүкілодақтық санаттағы төреші.
Онымен бірге кафедрада жұмыс істеген:
1967 жылы IV КСРО халықтары Спартакиадасына Қазақстан жүзгіштерінің командасының қатысуының және даярлығының нәтижелері бойынша Шамиль Абдулович Хасановқа, республиканың аға жаттықтырушысы Борис Елизарович Вишняковқа, Қазақтың мемлекеттік дене тәрбиесі институтының түлектері-жаттықтырушылары Василий Васильевич Масютенкоға, Олег Евгеньевич Михайловқа, Владимир Борисович Петровқа, Михаил Иванович Шегайға, Эдуард Самойлович Левитеске (барлығы Алматыдан), Лазар Михайлович Лазаридиге және Анатолий Павлович Юрченкоға (Қарағанды) «Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» деген құрметті атақ берілді.
Қазақстан жүзгіштері кейінгі КСРО халықтары Спартакиадаларында да спорттық шеберліктің жаңа биіктерін бағындырды. 1970 жылдан 1984 жылға дейінгі аралықта кафедраны талантты, жан-жақты спортшы және республикамыздағы спорттық қозғалыстардың үздік ұйымдастырушысы Бахи Тулегенович Ельгундиев басқарды. Ол – республиканың бокстан, күрестен, жүзуден, қазіргі бессайыстан бұрынғы чемпионы, бүйірлей жүзуден Кеңес одағының жүлдегері, қазіргі бессайыстан КСРО халықтары Спартакиадасының қола жүлдегері, қазіргі бессайыстан Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазіргі бессайыстан Бүкілодақтық санаттағы төреші. Әлемде алғаш рет (1957 ж.) қазақ тілінде жүзу бойынша әдістемелік әзірлеме басып шығарған. Әлемде алғаш рет қазаққа жүзуден КСРО ЖАК доценті атағы берілген. Ол 1976 жылы салынып басталған біздің ЖОО-ның жаңа, жабық 25-метрлік жүзу бассейні құрылысының бастамашысы және шабыттандырушысы. Оның бастамасымен және тікелей қатысуымен кафедраның жанында жүзуден БСМ құрылып, қысқа мерзімде республиканың үздік мектебі болды. Кейіннен оның тәрбиеленушілері КСРО жүлдегерлері мен чемпиондары және Олимпиада ойындарының қатысушылары болды. Мектеп базасында студенттермен және оқытушылармен үлкен оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстар жүргізілді.
Онымен бірге кафедрада жұмыс істеген: А.П. Гут, В.В. Григорович, И.В. Голоха, Н.А. Мацко, О.К. Легалов, Л.М. Сарсенов, А.И. Некрицухин, А.М. Жданов, Н.К. Баранов, Т.М. Сафонтьевская, А.М.Иноземцев, Д.У. Бисембаева, Т.М. Губенко, Н.А. Михайлов, Е.Г. Бреслер, Л.Я. Шейхат, И.А. Землянский.
Онымен бірге кафедрада жұмыс істеген: И.В. Голоха, А.М. Жданов, И.А. Землянский, А.М.Иноземцев, Т.М.Губенко, Д.У.Бисембаева, Б.Т.Ельгундиев, А.Г. Наталов, Ш. Макашев, лаборанттар Н.А. Мацко, Т.А. Клименко, Д.К. Нурмуханбетова.
Сонымен қатар, кафедрада магистрлер, синхронды жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Олимпиада ойындарының қатысушысы Айнұр Керей, қазіргі бессайыстан спорт шебері Алия Көлбекова, синхронды жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарынан (2010,2014жж) 2 дүркін қола жүлдегері А.Б.Ермаханова жұмыс істеген.