АҚПАРАТТЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ
* Академияның электронды жабдықтарын дұрыс техникалық пайдалануды қамтамасыз ету;
* Академияның барлық есептеуіш техникасына техникалық қызмет көрсету және жаңғырту;
* Оқу орнында бірыңғай ақпараттық желінің жұмысын ұйымдастыру;
* Отандық және әлемдік интеграцияланған бірыңғай телекоммуникациялық желі жүйесі негізінде ақпарат алмасуды қамтамасыз ету;
* Бар бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті, вирусқа қарсы қорғауды қамтамасыз ету;
* Академияның оқу процесін және ҒЗЖ компьютерлік уақытпен қамтамасыз ету;
* Оқу процесі және ғылыми зерттеулер үшін заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді (кафедралармен бірлесіп) сатып алу, енгізу және сүйемелдеу;
* Оқыту процесінде оның тиімділігін, қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ақпараттық технологияларды барынша пайдалану;
* Компьютерлік уақытты есепке алу және бақылау;
* Есептеу техникасы құралдарын пайдалану бойынша Академия қызметкерлері, магистранттар мен студенттер үшін курстар, семинарлар, дәрістер, өндірістік практикалар мен консультациялар ұйымдастыруға қатысу;
* Академияны есептеу техникасымен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету;
* Процестерді автоматтандыру негізінде Академия бөлімшелері қызметінің тиімділігін арттыруға көмек көрсету.
Автоматтандыру бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу, енгізу және қолдау;
Автоматтандыру мәселелері бойынша Академияның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру • ;
* Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде жұмысты ұйымдастырудың пайдаланылатын әдістерін жетілдіру және жаңа әдістерін енгізу;
* Өз құзыреті шеңберінде Академияның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өзге де міндеттерді шешу.
* Академия сайтының дизайнын әзірлеу, сайттың бағдарламалық жасақтамасы, материалдарды сайтқа ағымдағы орналастыру.