Есқалиев Мұхтар Зайнолдаұлы

Ескалиев Мухтар Зайнулдинович

Есқалиев Мұхтар Зайнолдаұлы

Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,
Қазақ спорт және туризм академиясының спорт және әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры.

1994 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтын “Дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушысы”, жаттықтырушы біліктілігімен үздік бітірді. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін ҚазДТИ-ның баскетбол және гандбол кафедрасына оқытушы–тағылымдамашы қызметіне қабылданып, спорттық ойындар кафедрасының оқытушысы, футбол және хоккей кафедрасының меңгерушісі, спорттық ойындар кафедрасының меңгерушісі, тәрбие және спорт жұмысы жөніндегі проректор, бірінші проректор – басқару аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта Қазақ спорт және туризм академиясының спорт және әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры болып қызмет атқарады.

35-тен астам ғылыми жарияланымның, 3 оқу-әдістемелік құралдың, 1 монографияның авторы.

Оның жетекшілігімен «Қазақстан Республикасында студенттік спортты дамытудың кешенді жоспары» (2022 ж.) әзірленді.

2022 және 2024 жылдардағы Студенттік спорт лигасының, 2023 және 2025 жылдардағы Республикалық студенттік универсиаданың, сондай-ақ 2023 жылы Түркістан қаласында өткен II Түркі Универсиадасының ұйымдастырушысы болып табылады.

2017 жылы білім беру, ғылыми және тәрбие саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан ЖОО қауымдастығының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Күміс медалімен,
2018 жылы спорт саласына қосқан үлесі, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік мәселелерді оң шешуге қосқан еңбегі, ар-намысы мен ұйымдастырушылық қабілеті үшін «Бейбітшілік Әлемі» Халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігі тағайындаған «Алтын Қыран» медалімен марапатталды.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен,
2020 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен,
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Алғыс хатымен,
2024 жылы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталған.

 

Close
💬 Задать вопрос
AI Icon Виртуальный помощник Казахской академии спорта и туризма