Дошыбеков Айдын Бағдатұлы

Дошыбеков А.Б.Дошыбеков Айдын Бағдатұлы – Қазақ спорт және туризм академиясының Ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, PhD докторы, қауымдастырылған профессор. ҚР жас талантты ғалымдарына берілетін мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2017), «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері (2023ж.).

2006 жылы Қазақ спорт және туризм академиясында дене шынықтыру және спорт мамандығын аяқтаған. 2014-2017 жылдары «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша докторантурада оқып, 2017 жылы докторлық диссертация (PhD) қорғады. 2022 жылы қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Еңбек жолын 2007 жылы кафедрада оқытушы болып бастаған.

2018 жылдан бастап «Дене шынықтыру және спорттың теориялық негіздері» кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

2021 жылдан бастап «Күрес және ұлттық спорт түрлері» кафедрасының меңгерушісі лауазымына тағайындалды. 2023 жылдың желтоқсанынан бастап ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор болып тағайындалды.

Соңғы 5 жылда 35-тен астам ғылыми еңбектер жарияланды, оның ішінде 12 мақала ҚР ҒжЖБ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесінде, 9 мақала Scopus базасының журналдарында 35-тен жоғары процентильмен және 2 монография, 2 оқу құралы.

h=2 Scopus

Ғылыми зерттеу саласы: дене шынықтыру және спорттағы маркетинг.

ҚР БҒМ ұсынған ғылыми жобаларды орындау: AP14871202 «Олимпиадалық білім беруді жалпы білім беретін мектептің жұмыс жүйесіне еңгізудің виртуалды форсайт-зертханасы» (2022-2024 жылдар) қолданбалы жобасының жетекшісі.

Оқытатын пәндері: дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі; дене шынықтыру және спорт менеджменті; дене шынықтыру және спорт маркетингі.

Close